Сейсенбі, 23 шiлде, 14:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58-2068
23.07.2024
PDF мұрағаты

МЖӘ: Нәтиже қандай?

09.07.2022

533 0

Мемлекеттікжекеменшік әріптестіктің негізгі мақсатымемлекет пен кәсіпкердің бірлесе жұмыс атқаруы. Бұлмемлекеттікжекеменшік сектордағы инфрақұрылымдық қызметтер мен қоғамдық қызметтер көрсету жобаларын іске асыру мақсатындағы ынтымақтастық. Бір сөзбен айтқанда, қоғам игілігі үшін атқарылатын жұмыстардағы бірлескен екіжақты тиімді қадамдар. Жылдар бойы қалыптасқан әлемдік тәжірибеге зер салсақ, бұл ұғым алғаш АҚШта пайда болып, білім мен ғылымға қатысты бағдарламаларды қаржыландыруға бағытталған. Кейіннен аталған әріптестік ауқымы кеңейіп, қоғамдық пайдалану нысандарын қаржылай қолдау, жалпы қаланы жаңғырту мәселелерінде мемлекет пен жеке сектор арасындағы ынтымақтастық арта түседі.

Қазіргі таңда бұл жоба Қазақстанда да қарқынды дамып келеді. Екіжақты әріптестік негізінде еліміздің білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үйкоммуналдық шаруашылығы, энергетика және көлік салаларында даму көрсеткіші айқын аңғарылады. Сондайақ бұл бағыттағы жұмыстарға зор көңіл бөлініп, әлеуметтік маңызы бар салаларда жүзеге асырылып келеді.

Өңірдегі істер өрісі

Бұл мақсаттағы жұмыстар Сыр өңірінде қалай жүзеге асуда? Қазіргі таңда өңіріміз­де мемлекеттік-жекемен­шік әріптестік аясында экономиканың барлық саласында 53 жоба жүзеге асы­рылу­да. Оның ішінде спорт және дене шынықтыру саласында – 20, ден­сау­лық сақтау саласында – 14, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында – 9, білім саласында – 4, ақпараттық технологиялар саласында – 2, мәдениет саласында – 1, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында – 1, әлеуметтік қамсыздандыру саласында – 1, экология салаларында – 1 жоба жүзеге асуда.

Қала қарқыны қалай?

Ал облыс орталығы Қызылорда қаласын­да жүргізілген жұмыстарға тоқталып өтсек. Мемлекеттік-жеке­меншік әріптестік аясында спорт саласы бойынша «Тарлан» дене шы­нықтыру-сауықтыру кешеніне сервистік қызмет көрсету, Түркістан көшесінде спорт­тық кешенді жалға алу және «Мерей» мөлтек ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу жоба­лары жүзеге асты. Білім саласы бойын­ша қаланың сол жаға­лауында 320 орын­ға арналған балабақша құрылысы және 400 орындық студенттер жатақ­ханасы пайдалануға берілді. Әли Мүслімов атындағы №101 мектеп-лицейінің бу қазандығына қайта жаң­ғырту жұмысы жүр­гізіліп, «СПМК-70» шағын ауданында 320 орындық балабақша құрылысы жобалары тиім­ді жүзеге асты. Денсаулық сақтау саласы бойынша 400 орындық емхана мен облыстық «Онкологиялық орталы­ғына» гистологиялық және иммуно­гистохимиялық диагностикаға арналған жабдық сатып алу және орнату» жобалары жүзеге асты. Сонымен қатар қала аумағында тұрмыстық қатты қалдықтар саралайтын кешен салу және қоғамдық көлік­терде электрондық билет жүйесін орнату жобасы іске асты.

Мамандар не дейді?

– Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан  мемлекеттік-жекешелік әріптестік жо­ба­лары қарқынды жүргізілуде. 2017-2021 жылдар аралығында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 20 жоба іске қосылды. Жобалардың 80 проценті ауылдық елді мекендерде жүзеге асты. Бұл 5000-ға жуық баланың спортпен айналысуына мүмкіндік беруде. МЖӘ заңдылықтарына сәйкес инвестор спорт кешенін өз қаражаты есебінен салады. Сондай-ақ қажетті спорттық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз ету міндеттеледі. Жобалардың мерзімі он жылға бекітіледі. Жалға төленетін қаржы нысандардың көлеміне қарай 10 жыл мерзімге – 65 млн теңгеден 380 млн теңгеге дейін төленеді. Қаржылар Қазақстан Республикасы Ұлттық эко­номика министрлігі Статистика коми­теті ұсынған жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасының индексі дерек­тері негізінде төленуде. Бұл жерде инвестордың өз есебінен салынған нысанның құны бюджеттен өтелмейді. Әр шаршы метріне есептеліп төлем жасалынады. Айта кететін жайт, әріптес жалға алу қаржысы есебінен ғимаратты күтіп-ұстауға арналған бар­лық шығындарды атап айтқанда, спорт жабдығының жиынтығы ағым­дағы жөндеу жұмыстары, өртке қарсы, санитариялық және басқа да қағида­лардың сақталуын, коммуналдық шы­ғыстарды толығымен қамтамасыз ете­тіндігін де ескеру қажет. Яғни инвестор ай сайын жалға алу төлемдерінен түсе­тін қаржы есебінен аталған шы­ғындарды өтеу міндетті. Мұның бар­лығы екі­жақты келісім нәтижесінде жүзеге асырылмақ, – дейді облыстық мәдениет және спорт басқармасының бас маманы Серік Жұматов.

Р.S. Өңірдегі мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің ахуалы осылай. Ал оның сапалы орындалуына екі тарап бірдей мүдделі болуға тиіс және сол мақсатта жұмыс жүргізілсе, істің ілгері жүргені.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: