Сенбі, 27 қараша, 13:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 (1795)
23.11.2021
PDF мұрағаты

Негізгі бағыт – әлеумет әлеуетін арттыру

12.10.2021

210 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты биылғы Жолдауында көп көкейіндегі түйіткілді мәселелерге қозғау салып, алдағы атқарылар ауқымды жұмыстарды жоспарлады. Жолдауда айтылған мәселенің бірі – жалақының оң шешім табуы.

Халықтың орташа айлық табысы аз екені ел арасында бұрыннан айтылып келеді. Енді келер жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 42500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін көбейеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикадағы ең төменгі жалақы деңгейін қайта қарау қажеттігі туындағанын Жолдауда атап өткен еді.

«Елімізде төменгі жалақы көлемі 2018 жылдан бері көтерілген жоқ. Әлемдік коронадағдарыс қазақстандықтардың табысына өз әсерін тигізді. Оның үстіне ең төменгі жалақы көлемі бойынша Қазақстан ТМД-ның бірқатар елдерінен артта келеді. Осы орайда 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны 42500 теңгеден 60 мың теңгеге өсіру туралы шешім қабылдадым» деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Сонымен 600 мың мұғалімнің жалақысы 25 процентке, 247 мың медициналық қызметкердің біліктілік деңгейіне байланысты 20 проценттен 30 процентке дейін өсті. 21 мың штат бірлігін қамтитын әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 50 процентке өсіп отырғаны айтылуда. Бұл сайып келгенде ел экономикасының артып, халық әлеуетінің жақсаруына айтарлықтай септігін тигізеді. Бұл мәселе үкіметтің кеңейтілген отырысында қаралды.

«1 шілдеден бастап жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері үшін 1,9 есе, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін 2024 жылға дейін жыл сайын 30 процентке жалақылары көтеріледі деп жоспарланып отыр. Жалпы мұғалімдердің орташа айлық жалақысы 234 мың теңгеге дейін, дәрігерлер 320 мың теңгеге дейін, әлеуметтік қызметкерлер 180 мың теңгеге дейін мемлекеттік қызметкерлер 267 мың теңгеге дейін өседі», – деді ҚР Премьер министрі Асқар Мамин.

Сонымен келер жылдан бастап, елдің орташа табысы артатыны белгілі болып отыр.

«Бұл шара бір миллионнан астам адамға тікелей, ал бүкіл еңбеккерлерге жанама әсер етеді», – деді Президент.

Оның пікірінше, көлемі бүгінде жария етіп жүрген жалақының 30, тіпті кейде 40 процентіне дейін жететін «көлеңкелі» еңбекақы қорын азайтады. Ең төменгі жалақы мөлшерін көбейту ішкі тұтынуды өсіріп, экономикаға оң әсер етеді. Сарапшылардың бағалауы бойынша, бұл жалпы ішкі өнімді 1,5 процентке дейін арттырады. Бұдан былай ең төменгі жалақыны салықтық, әлеуметтік және басқа да салаларда есептік көрсеткіш ретінде орынсыз пайдалануды қою керек», – деп атап өткен болатын Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Жолдауында жыл аяғына дейін мемлекеттік бюджеттік қаражатты басқару тұжырымдамасын дайындауды және Ұлттық банк пен Үкіметке инфляция деңгейін 4-6 процентке қайтаруды тапсырған еді.

Сонымен қатар 2022 жылдан бастап ең төменгі еңбекақы 42500 теңгеден 60000 теңгеге өсуімен қатар бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысы жыл сайын 20 процентке артатыны да айтылды.

Бұл бастама барлық жұмысшының айлығына өз әсерін тигізіп, жалақы көлемінің артуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ ішкі сұранысты да арттырары сөзсіз. Мұндай бастама қазақстандықтарға зор қолдау әрі үлкен қуаныш болып отырғаны жасырын емес. Жолдауда айтылған нақты сөз, нық қадам егемен еліміздің ертеңіне апарар баянды бастама болмақ.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: