Сейсенбі, 24 желтоқсан, 08:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Нүкеновтер Байжановты кешірмейтінін мәлімдеді

13.04.2024

755 0

Сурет:massaget.kz

Қуандық Бишімбаевқа қатысты кейінгі сот отырысында екінші айыпталушы әрі оның туысы Бақытжан Байжанов жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Ал Нүкеновтер әлеуметтік желіде Байжановты кешірмейтінін жазды.

«Біздің отбасымыз Байжановты кешірмейді. Аянышты сөздердің артынан шындықты көрмедік! Оның спектакльді қалай керемет ойнағанын барлығы байқады деп үміттенемін (жанжал, қарғыс және т.б.). Бірақ осы шоудың артында ол (Бишімбаев – еск.) нұсқасын толық қолдайды. Азаптауды растайды, ол үшін (Бишімбаевқа – еск.) ең көбі 2 жыл беріледі. Бірақ асқан қатыгездікпенн кісі өлтірілгенін растамайды, ал бұл ұзақ жыл бойы немесе өмір бойы түрмеге тоғытуы мүмкін аса ауыр қылмыс! Байжанов көлікті неге паркингке апарғандарын, неге денені көрпемен орағандарын ашып айтқан жоқ. Оларға скотч неге қажет болғанын, заттай дәлелдемелер қайда екенін айтпады. Нашатырь қайда кетті? Егер олар ояту үшін бір бөтелке пайдаланса және ол оянбаса, бұл жайт біртүрлі көрінбеді ме? Аяқкиім мен штативте иістер мен іздер жоқ (бірақ біз нашатырь иістер мен іздерді жақсы кетіретінін білеміз). Гастроцентр ауданын қоршап алған МКҚ қызметкерлері оларға қалай кедергі келтіргені туралы да айтқан жоқ!» – деп жазды Самал Нүкенова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: