Бейсенбі, 02 мамыр, 02:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Нұрлыбек Нәлібаев мерейтой иесі Ержан Уәйіске құрмет көрсетті

29.06.2022

525 0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Уәйіспен кездесіп, мерейлі 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, ілтипатын көрсетті.

Аймақ басшысы қайраткердің ел мүддесі жолындағы қызметін ерекше атап өтіп, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Түркия еліндегі өкілдігінің жетекшісі ретіндегі қызметіне сәттілік тіледі.

«Сізді еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін шетелде аккредитацияға тіркелген тұңғыш қазақ журналисі ретінде барша жұрт жақсы біледі. 2007 жылы Өзіңіздің туған топырағыңыз – Сыр еліне келіп, туған жерге деген перзенттік парызыңызды өтеп келесіз. Осы жылдар ішінде Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі, облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы қызметтерін абыроймен атқарып, қазірдің өзінде аймақтағы қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытында жемісті еңбек етіп келесіз. Сізді тағы да Өз атымнан және облыс тұрғындары атынан мерейлі жасыңызбен құттықтай отырып, Өзіңізге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, отбасыңызға амандық тілеймін. Ел мүддесі жолындағы еселі еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз» – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Жиында өңір басшысы Ержан Үбайдаұлына ҚР Парламенті Сенатының және Мәжіліс төрағаларының арнайы құттықтау хатын табыстады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: