Сенбі, 20 сәуiр, 14:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі мұнай-газ саласы қызметкерлеріне құрмет көрсетті

07.09.2021

654 0

Қыркүйектің бірінші жексенбісі – мұнай және газ саласы қызметкерлерінің кәсіби меркесі аясында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова сала мамандарымен кездесіп, төл мереке иелеріне құрмет көрсетті. Жиынға мұнай компанияларының өкілдері мен сала ардагерлері шақырылды.

Аймақ басшысы бүгінгі кезде игерілген кен орындарының көпшілігі өндірістің соңғы сатысына шығып, қалдық қорларын өндіру ісі қиындық тудырғанымен мұнай-газ саласы аймақ экономикасын дамытуда үлкен рөл атқаратынын ерекше атап өтіп, сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады.

– Қарапайым халықтың несібесі болған қара алтынды игерген мұнайшылар күнімен Сіздерді құттықтаймын!

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жаңа Жолдауында геология саласын дамытуға аса көңіл бөлу қажеттігін атап өтті. Сондықтан жаңа перспективалы учаскелерді барлау мәселесі өзекті болып отыр. Қазіргі таңда Республикалық бюджет есебінен үш шөгінді бассейндерін геологиялық зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Осы ретте, өңіріміздің мұнай өндіруші және барлаушы компаниялары да атсалысуы қажет,- деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Қазіргі таңда «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырының реверсін кеңейту жобасы аяқталу үстінде. Жоба толығымен іске асырылғанда Қызылорда облысының мұнай өндіруші компаниялары үшін ішкі нарыққа мұнай жеткізу жүктемесін төмендетуге мүмкіндік береді.

Жиын барысында аймақ басшысы қара алтынды игерген мұнайшылар қауымын марапаттап, ел игілігі жолындағы еңбектеріне толағай табыс тіледі. Өз саласының үздігі атанған 6 сала маманы: «Құмкөл Транс Сервис» ЖШС Басқарушы директоры Байқадам Абласановқа, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ жобалау бөлімінің басшысы Құрманғазы Асановқа, «Kazpetrolgroup» ЖШС мұнай және газ өндіру мастері Дәулет Ешмұратовқа, «СНПС-Айдан Мұнай» АҚ бұрғылау жұмыстары бойынша супервайзері Самет Қалыбаевқа, «ҚОР» Мұнай компаниясы» АҚ сату бөлімінің маманы Серік Төлегенов пен «КМНПЗ» ЖШС машинисті Мұрат Көшкінбаевқа облыс әкімінің «Құрмет грамотасы» табысталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: