Жұма, 23 ақпан, 05:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№15 (2025)
20.02.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі: Шұғыл шаралар нәтижесінде жағдай тұрақталды

18.11.2021

969 0

Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде Қызылорда облысының мал шаруашылығында бүгінде мал саны 1991 жылғы деңгейден асып отыр. Ірі қара мал басы -223,1 мың бастан 342,4 мың басқа дейін, жылқы – 71,3 мың бастан 164,7 мың басқа дейін,  түйе – 26,0 мың бастан 51,5  мың басқа дейін өскен.
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша  жайылымдық жерлердің тиімділігін арттыруға және шалғайдағы мал шаруашылығын дамытуға ерекше назар аударылып жатыр. Ол үшін пайдаланылмаған жайылымдардағы 452 су көзін жөндеуді жоспарланып жатыр.
«Бұл шамамен 1,7 млн. гектар жерді пайдалануға мүмкіндік береді (қазіргі таңда 296 су қондырғыларын құжаттандыру жүргізілуде. Бұл жұмыстарға биыл облыстық бюджеттен 39,2 млн. теңге бөлінді). Жалпы, осы жылы жоспарға сай ауыл шаруашылығы айналымына 60 мың га жерді алу жоспарланса, оның 56,5 мың гектар жері алынды. Құрғақшылық салдарынан Арал ауданында малдың жаппай қырылуы бізге елеулі сынақ болды. Суармалы судың жетіспеуіне байланысты төтенше жағдай жарияланды. Жедел шаралар нәтижесінде жағдай тұрақталды. Малшыларға көмек ретінде жем шөппен қамтамасыз етуге, сондай-ақ, суат мәселесін шешуге, жайылымдарды, шабындықтарды суару және көл жүйелерін суландыру мәселелерін шешуге 600 млн.теңге бөлінді», – дейді облыс әкімі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: