Жұма, 19 сәуiр, 09:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

20.01.2023

674 0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен актив отырысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы Заңына сәйкес Шаханова Салтанат Қасымқызы облыс әкімінің баспасөз хатшысы – баспасөз қызметінің басшысы болып тағайындалды.
Алдымен жиында өңір басшысы осы уақытқа дейін облыс әкімінің баспасөз хатшысы Абай Тағыбергенге алғыс айтып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

  • Екі жылдай уақыт ішінде облыс әкімінің баспасөз қызметін орнықты түрде үйлестіріп, қоғаммен, БАҚ өкілдерімен берік қарым-қатынас жасап, аймақ имиджін оң бағытта дамытуға өзіндік үлесін қосты.
    Абай Тағыберген алдағы өтетін маңызды сайлау науқандарын ұйымдастыру, оны ақпараттандыру, қоғаммен ашық диалог орнату бағытында жауапты жұмыстарды атқаратын болады,-деді аймақ басшысы.
    Мұнан кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жаңадан тағайындалған Салтанат Шаханованың осы саладағы мол тәжірибесін атап өтіп, аймақтың оң имиджін қалыптастыруда аянбай еңбек ететініне сенім білдіре, қызметіне сәттілік тіледі.
    Салтанат Қасымқызы 1988 жылы туған.
    Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Филология» факультетін бітірген.
    Еңбек жолын 2010 жылы «Қызылорда қоғамдық телерадиокомпаниясында редактор ретінде бастаған.
    2012-2013 жылдары республикалық «КТК» телеарнасы бағдарламалар бөлімінің редактор-үйлестірушісі, 2013-2015 жылдары Қызылорда қоғамдық телерадиокомпаниясының редакторы, шеф редакторы болған.
    2015-2018 жылдары Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің инспекторы, 2018-2020 жылдары Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы қызметтерін атқарған.
    2020 жылдың наурызынан бастап, 2021 жылдың сәуіріне дейін Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы, 2021 жылдың тамыз айынан бүгінгі күнге дейін Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының бас маманы қызметтерін атқарып келді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: