Бейсенбі, 30 мамыр, 23:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№42-2052
28.05.2024
PDF мұрағаты

Облыстық байқау қорытындыланды

28.10.2022

562 0

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының өңірлік кезеңінің қорытындысы болып өтті.

«Жарқыра, жас дарын!» тақырыбында өткен облыстық байқауда Қызылорда қаласынан және аудан мектептерінен 8 қатысушы бақ сынады. Маңызы жоғары жобаны іске асыруда жыл басынан бері облыс көлемінде түрлі форматта іс-шаралар өткізілді. Дөңгелек үстел, шығармалар байқауы, ашық диктант, кездесулер, аудан мектептерінің жазғы тынығу лагерлерінде ұлттық және спорттық ойын түрлерінен жарыстар, байқаулар ұйымдастырылды. Жобаға тартылған 1000-нан аса жастар қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайтудағы мемлекеттік тілдің маңыздылығын жете түсінді.

Шарада «Қоғамдық келісім» КММ директордың міндетін атқарушы Айбек Дайрабай сөз сөйлеп, «Мың бала» жобасының маңыздылығын атап өтті.

-«Мың бала» жобасы еліміздегі түрлі ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретіп, халқымыздың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне қызығушылығын оятып, еліміздің тарихымен таныстырып, болашақта туып-өскен Отанын құрметтеуге баулуды мақсат тұтады. Осындай игі жобаның атқарар маңызы орасан. Өз елінің тарихы мен тілін біліп өскен жеткіншек болашақта ел іргесінің бүтін болуы үшін қызмет істейтін азамат болып қалыптасатыны сөзсіз. Бұл жоба татулық пен бірліктің, ынтымақтың алтын бастауы. Олай болса бүгінгі қатысушыларға тек сәттілік тілеймін, – деді.

Өңірлік кезеңде сайыскерлерге «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Бауыржан Үсенбаев, №125 High school мектебінің оқытушысы Гүлнұр Дәрібаева, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Ассамблея жастар» ұйымының төрайымы Елена Пак төрелік жасады.

Бес кезеңнен тұрған тартысты байқауда бірінші «Таныстыру», екінші сұрақ-жауап «Aqyl battle», үшінші «Салт-дәстүр – сан ғасырлық саф мұра» қазақтың салт-дәстүрінен сахнада көрініс қою кезеңі болды. Төртінші «Сиқырлы ұяшықтар» кезеңінде қатысушылар ұяшық таңдау арқылы мақал-мәтелді жалғастырды. Ал бесінші соңғы кезең «Шығармашылық өнер», яғни өлең айту, билеу, көркемсөз оқу, музыкалық аспапта ойнау сынды өнерлерін көрсетті.

Атап өту керек, байқауға қатысушылардың барлығы үлкен дайындықпен келген. Бұл байқауда олар өздерін сан қырынан танытып, қазақ тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрін жетік меңгергендігін көрсетті.

Байқау нәтижесінде жүлделі 1 орынды Сырдария ауданы №36 мектеп-лицейінің 6-шы сынып оқушысы Ярослав Лавров, 2 орынды «Мансап» мектебінің 7-ші сынып оқушысы Дария Эльвина, үшінші орынды №198 орта мектептің 10-шы сынып оқушысы Милена Пак иеленді. Жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар, ал барлық қатысушыларға дипломдар табысталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: