Сәрсенбі, 01 мамыр, 01:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Облыстық бюджеттен электр желілерін қайта жаңғыртуға 1,5 млрд теңге бөлінді

26.01.2023

397 0

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев өңірдің энергетика саласын дамытуға арналған жобаларды талқылаудың нәтижесі бойынша облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов және Қызылорда электр тарату компаниясының басшысы Батыржан Қаракөзовке бірқатар тапсырмалар берді.

Қызылорда облысы бойынша «КРЭК» АҚ теңгерімінде 10 мың шақырымнан астам электр желілері мен 1800-ге жуық қосалқы трансформаторлық станциялар бар. Бүгінгі таңда осы электр қондырғыларының 68 пайызының тозығы жеткен. Алдын ала есептемелер бойынша электр жүйелерінің тозу деңгейін 68 пайыздан 30 пайызға төмендету үшін 153 млрд. теңге қаржы қажет. Бұл мәселе облыс әкімі тарапынан Үкімет басшысының назарына жеткізіліп, қолдау тапты.

Айта кетейік, республиканың тек екі аймағында ТМД елдерінде теңдесі жоқ заманауи жаңа жылу электр орталығы салынбақ. Алғашқысы – Сыр елінде бастау алды. Өңір үшін ғана емес республикаға маңызды бұл жобаның құны 215 млрд.теңге. Қуаттылығы 240 мегаватқа жететін жаңа нысан энергия жетіспеушілігін едәуір төмендетеді. Бұл Тәуелсіздік алған жылдары елімізде бюджеттен тыс қаржы көздерінен, яғни шетелдік инвесторлардың есебінен іске асырылатын ең ауқымды теңдессіз жоба. Еске салсақ, биыл Қызылорда қаласында электр жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстарын бастауға облыстық бюджеттен 1,5 млрд.теңге бөлінді. Сонымен қатар, 2023 жылғы республикалық бюджеттің бірінші нақтылауына құны 19,4 млрд.теңгені құрайтын электрмен жабдықтауға бағытталған 46 жобаның бюджеттік өтінімдері ұсынылды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: