Жұма, 03 мамыр, 06:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Олар – республикалық байқау жеңімпазы

27.10.2022

464 0

Республика күні қарсаңында отбасы құндылықтарын дәріптейтін «Мерейлі отбасы» байқауы өз мәресіне жетіп, жеңімпаздары марапатталды. Сыр өңірінен қатысқан Байжановтар отбасы  республикалық конкурста  жеңімпаз атанып, аймақ абыройын асқақтатты.

Қазіргі таңда отбасында өзара келісім мен рухани сыйластықты нығайту маңызды болып отыр. Бір шаңырақ астында берекелі өмір сүрудің маңыздылығын арттыру үлкен мәселеге айналды. Сондықтан да елімізде 2014 жылдан бері осындай өнегелі байқау жыл сайын ұйымдастырылып келеді.

Байжановтар әулетінің үлкені – 99 жас­тағы Сәрсенбек Байжанов 38 жылдан астам уақыт ұрпаққа ұстаздық қызмет жасаған. Сонымен қатар «II дәрежелі Ұлы Отан соғысы»,  «Қызыл Жұлдыз» ордендері, «Германияны жеңгені үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен ма­рапатталған. Майдангер ұстаз «Шиелі ауданының құр­метті азаматы» атағын да алған.

Құт қонған шаңырақта 11 бала, 38 не­мере, шөбере, 3 шөпшек өсіп, алып бәйтерекке айналған. Осылайша өнегелі отбасы «Балалы үй – базар» бақытын көпке үлгі етіп келеді. 

Биыл мерейлі шараға облыстан 178 от­басы қатысуға ниет білдірген. Жыл сайын үлгілі отбасылардың саны артып келеді. Республикалық байқауда жеңімпаз атанған Байжановтар отбасын облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құттықтады.

– «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дейді дана хал­қымыз. Тағылымды тәрбиенің талбесігі отбасыдан қаланады. Бір-бірін бауыр деп мейір құшағында өсу, еңбекке жетелеп, жауапкершілікке жаттығу, досқа беріктік пен Отанға адалдық отбасының өнегелі дәстүрі. Сол дара дәстүрді дәріптеген Байжановтардың отбасы бағаланды, – деді аймақ басшысы.

Осындай үлгі тұтарлық мерейлі отбасылар көбейе түссе еліміздің іргесі сөгілмейтіні анық.

А.БАТЫРБАЙҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: