Бейсенбі, 28 наурыз, 21:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Онлайн қызметтің оңтайлы тұсы

05.02.2021

6841 0

Қызылорда қалалық жұмыспен қамту орталығы  «Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу» және «Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру»  мемлекеттік қызметтерін тұрақты түрде көрсетіп келеді.

Осыған сәйкес 2020 жылы орталыққа 16996 адам түрлі сұрақтармен хабарласқан. Оның 9111-і тұрақты жұмысқа, 1838-і жастар практикасына, 390-ы әлеуметтік жұмыс орындарына және 3334-і қоғамдық жұмыс орындарына жолдама алды.

Бүгінгі күні2224 адамға электронды еңбек биржасы және электронды үкімет порталы арқылы түрлі қызмет көрсетілген.

2020 жылдың 17 қарашасынан бастап «Электронды еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы (жұмыс іздеп жүрген адам, жұмыссыздар, жұмысынан айырылу бойынша жәрдемақы, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын таңдау) мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша пилоттық жоба бастау алған болатын.

Осыған сәйкес, орталыққакелуші тұтынушыларға арналып өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышына арнайы 4 компьютер орнатылды.  Бүгінгі күнге380тұтынушы«Электронды еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттықпортал арқылы қызмет алған. Оның 340-ы тұрақты жұмысқа, 7-і жастар практикасына, 33-і қоғамдық жұмысқа жолданып, 1-і жұмыстан бас тартқан.

Электронды еңбек биржасына онлайн кіру арқылы күнделікті бос жұмыс орындары туралы мәліметті бақылап отыруға және тұтынушы өзі таңдаған жұмыс орындарына жұмыс іздеуші азамат ретінде  түйіндемесін жолдауға болады. Сондай-ақэлектронды үкімет порталы арқылы (E-gov) жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жолдама алуға мүмкіндік жасалған.

Жыл басынан бері электронды үкімет портал арқылы 177тұтынушы қызмет алып үлгерді,оның 6-ы әлеуметтік жұмыс орындарына, 60-ы жастар практикасына,111-ы қоғамдық жұмыс орындарына жолдама алған.

«Электронды еңбек биржасы»және электронды үкімет порталы арқылы әрбір азамат ұялы телефонды пайдалана отырып жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндігі бар.Ол үшін ЭЦҚ (электронды цифрлы қолтаңбасы) болуы міндетті.

Қосымша ақпарат үшін байланыс телефоны: 270306

Мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы, О.Сүлейменов көшесі №70

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: