Сәрсенбі, 08 мамыр, 00:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Оқушылардың төбелесі өліммен аяқталды

06.08.2023

622 0

Алматы облысындағы Бәйдібек би (бұрынғы Маловодное) ауылында мектеп оқушылары арасында төбелес болып, соңы өліммен аяқталды. 17 жастағы жігітті атып кеткен күдіктілер ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 5 тамызда Еңбекшіқазақ ауданындағы Бәйдібек Би ауылында түнде оқушылар арасында төбелес болды. Сол кезде мылтықтан оқ атылды. Бір үйдің ауласында 17 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды. Денесінде оқ жарақаты болды.

«Ол мылтық ұсталғандардың бірінің әкесіне тиесілі. Қазіргі уақытта 9 күдікті уақытша қамау изоляторына тоғытылды», – дейді полицейлер.

Қылмыстық кодекстің 99-бабы 9-тармағының 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Бұдан бөлек, Қылмыстық кодекстің 293 – бабы (Бұзақылық) бойынша жауапқа тартылғандар бар. Айта кетері, адам өлтіру бабы бйоынша он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру не өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: