Сенбі, 20 сәуiр, 20:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

«Оқымаған, тәрбиесіз, әртістер бар»: Алмат Сақатов қазіргі асабалар жайында…

31.05.2023

868 0

Актер Алматы Сақатов “Менің өмірім” бағдарлмасында асабалық қызметтен алыстағанын айтып, кейбір әріптестерін сынның астына алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Тойды 2001 жылдан бастағанмын, қазір той басқарып жүргеніме 20 жылдан асты. Қазір шаршап қалдық, анда-санда той басқарамын. Бірақ мен үшін әр той – соғыс. Отырған 300 адамның, құда-құдағидың көңілін табу, келген әншіні уақытында жіберу, ет келгенде суып қалмас үшін алдына тарту, ет шығаруға бес минут қалғанда бір көкемнің 25 минут сөйлеп тұрып алуы, суып қалған етті құданың алдына қойғанда құданың өкпелеуі сынды нюанстар көп. Соның бәрі соғыс. Тілек беріп қойып, дастархан басында тамақ ішіп отыратын тамадалар бар. Тәрбиелі, мәнді, мағыналы сөздер айтып, әзілмен, шоу жасап, экранды пайдалана отырып той жүргізетін, 300 адамға шағын жеке концертін қоятын асабалар болады. Кейбірі кіргеннен бастап белден төмен әңгіме айтады. Адамға бірінші тәрбие беру керек, одан білім беру керек. Олардың білімі бар, тәрбиесі жоқ. Сондай КВН-нің балалары бар, тәрбиесіз, оқымай келіп, асабалықпен айналысатын әртістер де бар”, – дейді Алмат Сақатов.

Актер не себепті той басқарысы келмейтінін же жасырмай айтты. 

“Той басқарамын, өйткені ол – жұмыс. Шақырып жатса той басқарамын, басынан аяғына дейін жақсы өткізуге тырысамын. Біз дүниенің қадірін білеміз. Бір костюмнің бағасы 150-180 мың теңгенің аралығында. Соны үтіктеп, киіп тойға барасың. Сөйтіп тұрғанда жаңа ғана ет тураған, үстіне свитер, бұтына джинсы киіп алған сәл қызып қалған ағаң келеді де, иықтан ұстап: “Суретке түсейікші, бауырым” дегенде екі қолының майы киімде қалып қояды. Оған қой деп айта алмайсың. Өйткені сен тойына келіп тұрсың, сен соның құлысың. Бұрын мен ондайға қарамайтынмын, жуып қайта тойға кие беремін. Қазір қартайғанмын. “Қолыңды алшы. Қолыңды орамалмен сүртсеңші, не деген адамсың?” деймін. бірден. Өйткен өзім үлкенмін, ол адам менімен құрдас немесе менен кіші болады. Ол кезде айта аласың. Жүйкең жұқарған соң, тойға да барғың келмейді”, – дейді актер.

Бұған дейін актер күйеуі қыдыратын әйелдерге шыда деп кеңес берген болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: