Жексенбі, 24 қараша, 00:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Пәтерлердің бірінен «Маугли» балалар табылды

16.08.2023

459 0

Алматыдағы пәтерлердің бірінен «маугли» балалар табылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Үш бүлдіршін бірнеше жылдан бері қаладағы Медеу ауданында анасымен бірге өмір сүріп келеді. Бірақ олар ата-анасының қамқорлығынсыз және қадағалауынсыз қалған.

Құжат бойынша, екі бала 2016 жылы, ал олардың інісі 2020 жылы дүниеге келген. Көршісінің айтуынша, балалар тұратын пәтерде қоқыс, тіпті адам нәжісі толып тұр. Ал кенже баланың тіпті киімі де жоқ. Сондай-ақ, ең кішкентай бүлдіршінде аутизм спектрінің бұзылуы болуы мүмкін екені анықталды.

«Онымен дұрыс жұмыс істеу керек. Бұл бала өте арық, бірдеңе дұрыс болмаса, қабырғаға басын немесе қолын соғады. Оған жаным ашиды. Баланың кінәсі жоқ қой. Оны шомылдыру керек», – деді көршісі.

Бірнеше күн бұрын үш бала Алматыдағы өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына жеткізілді. Тіпті, мекеме қызметкерлері де бұл жағдайды көріп, қорқып кетті.

«Егер сіз олардың (балалардың- ред.) бізге келгенін көрсеңіз, қорқынышты болар еді. Біз адамдарға үйреніп қалғанбыз, ал балалар мұндайды бірінші рет көріп тұр. Олар мүлдем қоғамға бейімделмеген, ешкіммен араласпаған. Тіпті, ең кішкентайы қасықты қалай ұстауды білмейді», – деді орталық қызметкерлері.

Орталық қызметкерлерінің айтуынша, балалардың анасы алкогольға тәуелділіктен қиналып, қазір емделуге жіберілген. Әкесі олармен бірге тұрмайды.

«Балалар қараусыз қалған. Қамқоршылар түсірген суреттеріне қарасақ, балалардың жағдайы қиын. Оларды алып келгеннен соң ертеңіне кішкентайы Р.-дың аутизммен ауыратыны анықталды. Қазір біз барлық инстанцияға хабарласып, невропатологтарды шақырдық, барлық тексеруден өту үшін психиатр мен терапевтке жолдама береміз», – деді орталық директоры Нұргүл Елибаева.

Оның айтуынша, балалар бұл орталықта алты айға дейін бола алады. Әрі қарай олардың тағдырын сот пен қорғаншылық органдары шешеді. Егер анасы түзеліп, дұрыс жолға түссе, анасына қайтарылуы мүмкін.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: