Жұма, 26 сәуiр, 18:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Павлодар облысында бес бала хлормен уланып, ауруханаға жеткізілді

29.08.2022

575 0

Павлодар облысында саунаға түскен 5 бала мен 4 ересек адам судағы хлордан уланып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

24 тамыз күні Ақсу қаласындағы саунада үш отбасы жиналып, туған күнін атап өткен. Мерекеге жиналғандар бассейнге шомылып, ондағы шамадан тыс хлордан уланып қалған. Тоғыз адамға, оның ішінде бес балаға медициналық көмек қажет болыпты.

Дәрігерлер тексергеннен кейін үш жасөспірім ауруханаға жатқызылды. Олардың бірі – 3-сынып оқушысы, екіншісі – 1-сынып оқушысы, ал  үшіншісі – 14 жастағы Германия азаматы.

“Балалар жеңіл уланған. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, олар ауруханадан шығуға дайындалып жатыр”, – деп мәлімдеді департаментте.

Сондай-ақ бес жасар қыз бала мен төрт ересек адам жеңіл дәрежеде уланған. Тағы бір 9 жасар қыздың көзінің айналасын күйік шалған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: