Жұма, 26 сәуiр, 21:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Президент Алексей Цойға бір ай ішінде жағдайды түземесе, қызметтен кетуі мүмкін екенін ескертті

01.04.2021

1889 0

Қазақстан президенті осыдан екі ай бұрын басталған халықты коронавирусқа қарсы вакциналау жұмысын сынға алды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға бір ай ішінде жағдайды түземесе, қызметтен кетуі мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы Ақорданың Твиттердегі парақшасында хабарланды.

«Алексей Владимирович, мен сізге бұған дейін қазіргі кезеңде денсаулық сақтау министрі – үкіметтегі баста фигура екенін, сізде айрықша өкілеттіктер барын айтқан едім. Сіз жұмысты жақсы бастадыңыз, бірақ арты сиырқұйымшақтанып кетті… Сәуір айы ішінде жағдайды түзетуіңіз керек. Әйтпесе, кадрлық шешім шығады, ол сіздің көңіліңізді түсіруі мүмкін. Бұл тек денсаулық сақтау министріне ғана емес, бүкіл үкіметке қатысты», – деді Тоқаев коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жөніндегі жиында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: