Жексенбі, 05 мамыр, 21:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Қайтқан малда қайыр бар, қайтқан қаржыда ше?..

20.12.2022

612 0

Қарапайым жұртқа дөңгеленген дүние жүрісінен жаңылмай жүріп келе жатқандай көрінуі мүмкін.

Оның себебі де көп. Өйткені күйбең тіршілік таңның қалай атқанын, күннің қалай батқанын, мынау төрткүл дүниеде не болып жатқанын аңғартпауы да ғажап емес. Себебі әркім өз тіршілігінің қамымен әлек. Алайда мына дүние жүрісінен жаңылғалы қашшан… Оған бірден бір кінәлілер – қанша жесе де тоймайтын, қанша алса да қоймайтын жемқорлар…

Елімізде жемқорлық атаулымен күрес қалай жүруде? Республика бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қан­дай шаралар қабылданып жатыр? Ақпаратымыз нақты болуы үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі­нің төрағасы Олжас Бектеновтің Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа берген есебін негізге алайық. Өткен аптада Республика президенті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады. Президентке елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан шаралар жөнінде есеп берілді. Олжас Бектеновтің айтуынша, биыл 11 айда мемлекетке құны 600 млрд теңгеден астам заңсыз иеленген мүлік активтері мен қаражат қайтарылған. Бұдан бөлек елімізде және шетелде жалпы сомасы 360 млрд теңгеден асатын жылжымайтын мүлік, автомобильдер мен қаражат анықталды және олар жақын арада мемлекетке қайтарылады.

«Қайтқан малда қайыр бар» деп жатамыз. Ал қайтқан қаржыда ше?.. Агенттік төрағасының есебінен 600 млрд теңгеден астам заңсыз иеленген мүлік активтері мен қаражат қайтарылғанын білдік. Бұл ақша халық үшін қаншалықты қайырлы болып тұр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеп-тексерген қылмыстық істерден тәркіленген қаржы қазірдің өзінде мектеп құрылысына жұмсалып жатыр. Президент тапсырма берді, өкілетті орган орындады. Бір ғана «Ақтөбе» ӘКК-ге қатысты қылмыстық іс аясында кінәлілер 197 млн теңге шығынды өтеді. Қаражаттың негізгі бөлігі ауыл мектебінің құрылысын аяқтауға жұмсалған. Демек, қайтқан қаржыда да қайыр бар. Ол игілікке, адами капиталға жұмсалуда.

Президентке сыбайлас жемқорлыққа қатысты қыл­мыстарды болдырмауға бағытталған алдын алу шаралары туралы да ақпарат берілді. Олжас Бектенов көліктік бақылау, жер қойнауын пайдалану, мемлекеттік қорғаныс тапсырысы салаларына, көші-қон қызметінің, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың және «Қазақстан темір жолы» АҚ жұмысына сыртқы талдау аяқталғанын жеткізді. Оның қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған 2 мыңнан астам ұсыныс әзірленді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: