Сенбі, 18 мамыр, 05:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Қалада із-түссіз кеткен 41 жастағы әйел іздестірілуде

22.02.2023

728 0

Қызылордада 41 жастағы әйел бір күннен бері хабарсыз кеткен деп хабарлады turkystan.kz Қызылорда облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қызылорда қаласының тұрғыны, 41 жастағы азаматша Өтегенова Нұргүл Қарасайқызы 21 ақпанда үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан кейін үйіне қайта оралмаған.

«Осыған байланысты Қызылорда қалалық Полиция басқармасы іздеу салады. Азаматша жүйке ауруымен есепте тұрады. Ерекше белгілері: бойы: 1,65 см, орта денелі, шашы қара түсті, ұзын, көзі қара түсті. Қызыл түсті бас киімі бар, қоңыр түсті ұзын куртка, қара түсті аяқкиім киген.

Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 7 705 255 8125 8 (7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуды сұраймыз», – делінген Қызылорда қалалық Полиция басқармасы таратқан хабарламада.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: