Жұма, 11 қазан, 07:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Қалалық әйелдер кеңесінің жұмысы жандануда

09.02.2023

1004 0

Бұл туралы бүгін баспасөз орталығында өткен брифингте «Қызылорда қалалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жаннат Садвакасова баяндады. 

Қоғамдағы әйелдердің, оның ішінде аналардың орны мен рөлін айшықтау және түйткілді мәселелерді оңтайлы шешу  мақсатында 2021 жылдың 26 сәуірінен бастап қала мен кент, ауылдық округтерінің белсенді әйел азаматтарының бірігуімен «Қызылорда қалалық әйелдер кеңесі қоғамдық бірлестігі» құрылып, өз жұмысын бастаған болатын.

Кеңестің қызметі нәзік жандылар арасында кәсіпкерліктің дамуына, отбасы институтын нығайту, отбасындағы тұрмыстық зорлық – зомбылықтың алдын алу, ана мен балалар құқығын және денсаулығын қорғау бағытындағы маңызды істерді ілгерлетуге бағытталған.

– Бүгінде әйелдер қауымдастығы қаламыздағы отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту, тұрғындар арасында азаматтық белсенділікті және шығармашылық бастамаларды қолдау,  консультациялық мақсаттарға қол жеткізу мен азаматтық қоғам қағидаттарын жүзеге асыруда әріптестікті дамытуға қолдау көрсетуді  ұйымдастырып келеді. Мәселен, бірлестік мүшелерінің қатысуымен білім ордаларында түрлі тәрбие сағаттары, көшбасшы әйелдер мектебінің дәрістері, сондай-ақ  «Ана әлдиі» облыстық видеоролик байқауы, «Алтын белгі» иегерлерінің аналарын марапаттау кештері өткізілсе,  өңірімізді көгалдандыруға бағытталған  игі істі жалғастыру мақсатында бірлестіктің ұйымдастыруымен Тасбөгет кентінде орналасқан Облыстық балалар ауруханасының ауласына 100 түп ағаш отырғызылды, – деді Жаннат Мылтықбайқызы.

Айта кету керек, «Қызылорда қалалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің жоспарына сәйкес еліміздің егемендік алуы жолында ерлермен бірге аянбай жұмыс жасап, ұғынықты ұрпақ тәрбиелей білген ардақты аналардың еңбегін насихаттау мақсатында  «Бегім ана» аналар клубы ашылды. Бұл клубтың негізгі мақсаты қаламыздың еңбек сіңірген, белсенді мүшелерін жас ұрпаққа үлгі  болатындай дәріптеу болып табылады. Осы істің бастамасы ретінде сол кісілердің еңбек жолын, отбасын әлеуметтік желілерде жариялау арқылы насихаттау жұмыстары қолға алынды.

Брифингте бірлестік төрайымы алдағы жылғы жұмыс жоспарымен таныстырып, барлық әйелдер қауымын ортақ іске бірігуге шақырды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: