Жексенбі, 28 сәуiр, 02:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Қаламгерлерге құрмет көрсетті

27.06.2023

292 0

Бүгін шаһар төріндегі қайта жаңарып, ажары айшықталған «Қаламгерлер» аллеясында БАҚ өкілдерінің мерейлі мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Сыр бойы әдебиетінің үш алыбы ескерткішінің жанына жиылған қаламгерлер ең әуелі қалам құдіреті мен қасиетін бейнелейтін қалалық Жастар театры әртістерінің тақырыптық қойылымын тамашалады.«Бұл аллея – қалам ұстаған шығармашылық қауымына көрсетілетін шексіз құрметтердің бір парасы ғана. Өйткені қалам ұшындағы құдіретті жүрегімен түйсінген Сіздердің әрбіріңіз қандай сый-мәртебеге болса да лайықтысыздар», – деген шаһар басшысы Асылбек Шаменов журналистердің қоғамдағы орны мен халық жүрегіндегі беделі туралы тілге тиек етіп, айшықты мерекемен құттықтады.«Бүгінде ақпарат құралдарының ықпалымен әлемнің келбеті өзгерді. Бұл ретте, ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың рухани астанамыз – Түркістан төрінде өткен Ұлттық Құрылтайда «Масс-медиа – елімізді жаңғырту ісіне ерекше ықпал ететін сала. Сондай-ақ, билік пен қоғам арасындағы пәрменді байланыс құралы. Ақпарат құралдарында түрлі көзқарастар тоғысады. Оны қоғам тынысының барометрі деуге болады»- деп, заманға сәйкес ақпарат саясатының тиімділігін арттыру, креативті индустрияны дамыту туралы тілге тиек еткені баршаңызға мәлім.Қазір бұқаралық ақпарат құралдарындағы дәстүрлі ақпарат тарату үлгісіне де көптеген өзгерістер енді. Сыр бойы журналистикасы да цифрлы технологиялар кезеңіне тез бейімделіп, жаңа медианың ағымына ілесті. Қос телеарнамыз бен мерзімді басылымдарымыз сапалы контенттерді, уақыт шежіресін, таңдамалы тақырыптарды кәсіби шеберлікпен жеткізіп, қоғамдық сананы қалыптастыруда жүйелі жұмыстар атқаруда.Әрине, журналистикадағы мықтылық – ашықтық, баламалы пікір, жылдамдық әрі дәлдікпен өлшенеді десек, Сіздерге тынымсыз кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз, болып жатқан жаңалықтардың жігін бұзбай бұқараға жеткізіп, маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуге зор үлес қосып келе жатқандарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін»,- деді қала әкімі Асылбек Шаменов.Содан соң шаһардың тыныс-тіршілігін, өзекті мәселелері мен жарқын жетістіктерін ақпараттандырып, халық пен билік арасында алтын көпір бола білген бірқатар сала үздіктеріне қала әкімінің арнайы алғыс хаты мен естелік сыйлықтары табысталды. Сондай-ақ, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар Одағы Қызылорда облыстық филиалының төрайымы, белгілі ақын, тележурналист Қаршыға Есімсейітоваға қаламыздың ең жоғарғы марапаты «Құрмет» грамотасы табысталды.Өз кезегінде аймақ тележурналистикасының алғашқы қарлығаштарының бірі болып саналатын Қаршыға Құрмашқызы мен ҚР Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, «Қызылорда қоғамдық теледидарының» құрылтайшысы, Қызылорда облысының құрметті азаматы Шаһизада Өтетілеуұлы барша қаламдастарын мерекемен құттықтап, алғаусыз пейілін білдірсе, қаламы қарымды журналист, Алашқа белгілі ақын, Сыр елінің Қадыры атанған Дүйсенбек Аяшұлы жүрекжарды жырын оқып, көпшілік құрметіне бөленді.Ұлт мақтанышы Шерхан Мұртаза айтқандай, «Арқалағаны алтын, жегені жантақ» сала өкілдерінің қадірін арттыру бағытында мереке қарсаңында көптеген мәні мен маңызы жоғары іс-шаралар ұйымдастырылуда. Солардың бірі ретінде, еліміздің түкпір-түкпірінен 8 команда жиылып, шын мықтыны анықтаған шағын футболдан республикалық турнирді айтсақ болады. Бұл турнирден бөлек, бүгін сала ардагерлері бильярдтан, журналист қыздар боулингтен сайысқа түсіп, мереке жалғаса түспек. Жалпы, мұндай шаралар дәстүрге айналып, ұшқыр қалам иелеріне көрсетілер құрмет толастамақ емес.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: