Жұма, 29 наурыз, 02:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қамшыбек Қоңқабаев мемлекеттік сыйақыны қайырымдылық қорына жұмсайды

18.08.2021

990 0

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, боксшы Қамшыбек Қоңқабаев мемлекет тарапынан берілген сыйақыны қайырымдылық қорына жұмсайды. Бұл туралы боксшы өзінің «Facebook» парақшасында хабарлады.

«Ассалаумағалейкум құрметті спорт сүйер қауым! Бүгін Алматы қаласында Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Хамитұлының қолдауымен Олимпиада ойындарына қатысқан спортшылар мен жаттықтырушыларды марапаттау рәсімі өтті. Команда капитан ретінде ұлттық құрама атынан қандай нәтиже болмасын бізге қолдау көрсетіп жатқан Кеңес Хамитұлына алғысымызды айтқымыз келеді. Осы орайда Мемлекет тарапынан берілген 75,000 $ сыйақыны қайырымдылық қорына жұмсауды жөн көрдім», – деп жазады боксшы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: