Жұма, 26 сәуiр, 21:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қанды қаңтардың шындығы Мәжілістің алғашқы отырысында айтылмақ

04.01.2023

559 0

Ертең, 5 қаңтар 10:00-де Мәжілістің биылғы алғашқы жалпы отырысы өтеді, деп хабарлайды ведомствоның Telegram парақшасында.

Отырыста мәжілісмендер «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының қаңтар оқиғасына қатысты сауалына ҚР Бас прокуроры Берік Асыловтың ауызша жауабын тыңдайды.

Еске сала кетейік, өткен аптада Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин қаңтар оқиғасына қатысты халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға тиісті күштік құрылымдар мен мемлекеттік органдардың басшылары Мәжіліске келіп жауап беруін талап еткен болатын.

Бұдан бөлек сағат 9:00-де ғимарат фойесінде Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі және Қорғаныс министрлігі арнайы көрме ұйымдастырады.

Тікелей эфирді Мәжілістің ресми сайты мен YouTube арнасынан және «Хабар 24» телеарнасы мен www.zakon.kz, www.inform.kz, www.tengrinews.kz, www.bag.kz сайттарынан көре аласыздар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: