Дүйсенбі, 06 мамыр, 16:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Қарағандыда атыс болды

01.04.2024

577 0

Сурет: massaget.kz

Қарағанды облысында көшеде атыс шығарғандар ұсталды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұған дейін полиция атыс кезінде ер адамның жарақат алуына қатысты тергеуді бастаған болатын. Оқиға Ағадыр ауылында болған. Атыс болған сәттен видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Қару асынған ер адам видеоға түсіп қалған болатын. 

«Ақадыр кентінің тұрғынына қатысты 28-47 жас аралығындағы төрт ер адам атыс қаруын қолданып кісі өлтіруге оқталу күдігі бойынша жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұсталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр», – деді Қарағанды облысы ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: