Бейсенбі, 10 қазан, 02:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Қарашөкеев еттің бағасын көтеруді ұсынды

08.09.2022

720 0

Бұл саладағы материалдық шығынның орнын өтейді екен, деп хабарлады BAQ.KZ. 

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы және биоотын айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы туралы айтты. 

Қазір таңда малдың саны өсіп жатыр. Өзімізді етпен толық қамтамасыз етіп отырмыз. Бірақ алғашқы шаруа қожалықтарына қатысты мәселе бар. Сондықтан еттің бағасын сәл көтеру керек. Себебі саладағы материалдық шығындар өтелмей жатыр. Бұл мәселені жүйелі түрде қарастырып, дұрыс шешім қабылдамау керек, – деді Қарашөкеев. 

Сондай-ақ министр атағандай, биоотын өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңға ұсынылатын өзгерістер «биоэтанол» анықтамасын кеңейтуді көздейді, ол өндірілген өнімді бензинге қоспа ретінде ғана емес, химиялық және оған байланысты басқа да өнеркәсіптің өнімін өндіру үшін өткізуге мүмкіндік береді. 

Ол, өз кезегінде, қайта өңдеуші кәсіпорындардың өнімін өткізу мүмкіндіктерін елеулі кеңейтеді, өнім өндірісн арттыруға және саланы дамытуға алып келеді. Жалпы қарастырылып жатқан Заң жобасындағы барлық қабылданып жатқан түзетулер өсіріліп отырған мал тұқымдарының генетикалық әлеуетінің денгейін арттыруға, асыл тұқымды селекциялық жұмыстардың сапасын жетілдіруге, асыл тұқымды мал басы санының өсімін жеделдетуге және республикадағы жануарлардың өнімділік деңгейлерін арттыруға, сондай-ақ, биоотын өндірісін қолдау мен дамытуға  бағытталған, – деді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: