Жұма, 03 мамыр, 00:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қарауылтөбеде ауылдық клуб салынады

22.02.2023

333 0

Бүгін баспасөз орталығында өткен брифингте Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі Еркін Ахетов 2022 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.
Өткен жылы ауыл тұрғындарының сұранысына сәйкес 150 орындық ауылдық клубтың құрылысы бастау алды. Сонымен қатар, жалпы көлемі 6800 ш/м болатын Әбдіхалықов бейітіне қоршау жұмыстары жүргізіліп, ауыз су жинау қоймасы қолданысқа берілді. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Байсейітов көшесінің соңына 400 метрге түнгі жарық бағаналары орнатылып, 21 дана жол белгілері қойылды. Ал, «Балалар жылы» аясында «Строй модуль – Астана» ЖШС-нің демеушілігімен жалпы құны 17,5 млн. тенгені құрайтын ойын алаңы салынып, тағы бір кәсіпкердің қолдауымен округтегі кіре беріс жолдың бойына 1 дана аялдама орнатылды

– Биылғы жоспарымызда округтегі жаңадан қоныстанушы аумақтағы жалпы ұзындығы
9 шақырымды құрайтын 12 көшеге қиыршық тас төсеу жұмыстарын жүргізу қарастырылған. Қазіргі таңда 8 дана КТПН, электр бағаналарын орнату жұмыстары, сондай-ақ, округтегі жаңадан қоныстанушы аумаққа техникалық су тарту ұңғымасын және А.Иманов көшесінің бойындағы №6-ТС техникалық су тарту ұңғымасын орнату жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, округке кіре-беріс жолдың бойындағы R-1 каналына жаяу жүргіншілерге арналған көпір құрылысы үшін жоба-сметалық құжаттары дайындалуда. Ал, С.Байсейітов, Ж.Әбдіхалықов, А.Құнанбаев, Желтоқсан көшелерінің бойына, жаңадан қоныстанушы аумаққа жаяу жүргіншілер жолын салу мақсатында қажетті құжаттары әзірленіп, бюджеттік өтінім берілді, – деді ауылдық округ әкімі.
Жалпы, ауылдық округте өткен жылы жаңадан 17 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, кәсіпкерлік нысандар саны 112-ге артты. Мемлекеттік бағдарламалардың қолдауымен 43 млн. теңгені құрайтын кәсіпкерлердің 8 жобасы қаржыландырылса, «Еңбек» бағдарламасы аясында жалпы көлемі 17,2 млн. теңгені құрайтын 14 жоба қайтарымсыз мемлекеттік грантқа ие болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: