Сәрсенбі, 07 желтоқсан, 22:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97 (1901)
06.12.2022
PDF мұрағаты

Қариялар азайып бара жатыр…

02.10.2022

260 0

«Үйіңде қартың болса, жазулы тұрған хатпен тең» деген байырғы бабаларымыз. Көнекөз қарттарымыздың өнегелі өмір жолы үлгі-өнеге. «Балам жесін, балам ішсін, балам кисін» деп бар тапқанын баласының аузына тосатын ата-анаға жасы келіп қарттық жеңгенде сол есепсіз қамқорлығын қайтара алсақ қой, шіркін. Оларға сенің ақшаң, байлығың қажет емес. Тек бір сәт қасында болып, қолынан ұстап, жағдайын білсең одан артық оларға қуаныш та, басқа да керегі жоқ, күтпейді де.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 1990 жылғы ұйғарымымен 1 қазан қарттар күні деп белгіленді. Бұл атаулы күн біз үшін де жат емес. Елімізде қарт адамдарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсетілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді. Ардагерлер мен қарттар алдындағы борышымыз – оларға қамқорлық көрсету, қолдау. Саналы ғұмырын еліміздің өсіп өркендеу жолына арнаған тұғырлы тұлғаларымызды дәріптеу ұлы парыз екенін ұмытпаған жөн.

Бүгінге қалада барлығы 31261 зейнеткер бар. Оның ішінде 2 Ұлы Отан соғысының ардагері, 864 тыл ардагері, 3523 көпбалалы батыр ана бар.

Осы орайда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне хабарласып, қарттарға жаса­лып жатқан қамқорлық турасында сұрап білдік.

– Қазыналы қарияларымыз қа­шанда құрметке ие. Мемлекет тарапынан ай сайын тиесілі зейнет­ақылары мен арнайы мемлекеттік жәрдемақылар төленуде. Сонымен қатар жергілікті бюджеттен  атаулы күндері ҰОС ардагерлері мен тыл ардагерлеріне бір дүркін төлемдер беріледі. Сондай-ақ қаладағы «Бел­сенді ұзақ өмір» орталығында жыл басынан бері 450 адамға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетілуде. Тағы бір айта кетерлігі, ҰОС қаты­сушылары мен мүгедектеріне, қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне, Ұлы Отан соғысында қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО медалімен, ордендерімен наградталған тыл ардагерлеріне, ҰОС жылдарында кемінде 6 ай жұмыс істеген тыл ардагерлеріне Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 77 жыл­дығына орай қалалық және об­лыстық бюджеттен 965 адам­ға 100211,2 мың теңге төленді. Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шыға­рылған, туберкулезден емделу­дің сүйемелдеу сатысындағы аза­маттарға қосымша тамақтануға берілген әлеуметтік көмекке 345 адамға 126 808,0 мың теңге қаралып, 458 адамға 62 394,4 мың теңге төленді. Қаладағы ардагерлер мен мүгедек жандарға стационарлық, жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көр­сету мақсатында қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйіне стацио­нарлық бөлімшеге 194 адамға,  өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталыққа 55 адамға  жолдама берілді. Бұдан бөлек қосымша қолдаулар үзіксіз көр­сетіліп келеді, – дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және азматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Кенжегүл Құрақбаева.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

Тағы да оқыңыз: