Бейсенбі, 02 мамыр, 23:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қазалылық майдангер Қабақ Смағұлдың әулеті республикалық «Мерейлі отбасы» байқауына қатысады

04.08.2023

318 0

           Биыл Қазалы ауданында майдангер Қабақ Смағұлдың ғасырлық мерейтойы кең көлемде тойлануда. Ал ардагердің ұрпақтары «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары атанып, республикалық деңгейде аймақ намысын қорғайды. Бұл туралы жартыжылдық қорытындысына арналған брифингте аудан әкімі Мұхтар Оразбаев хабарлады.

         «Жерлесіміз, Ұлы Отан соғысының ардагері Қабақ Смағұл ақсақалдың әулеті «Мерейлі отбасы» байқауының аудандық кезеңінің, одан соң облыстық кезеңінің жеңімпазы атанып, республикалық байқауға жолдама алды. Мәуелі бәйтеректей тамыры терең Смағұловтар әулетінің республикада үздіктер қатарынан көрінуіне аудан халқы тілекші», – деді ол.

            Айта кетейік, ардақты ардагердің мерейтойына орай облыстық деңгейде «Ғасыр жасаған майдангер» атты ауқымды іс-шара ұйымдастырылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: