Сенбі, 22 маусым, 04:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48-2058
18.06.2024
PDF мұрағаты

Қазақ болып туғым келеді: Нұрлан Сабыров қазақтардың ТМД-дағы беделі жайында айтты

21.10.2022

671 0

 Танымал стендап-комик Нұрлан Сабыров «Нұрлан Қоянбаевпен жаңа түнгі студия» шоуына қатысты. Шоу жүргізушісі Нұрлан Қоянбаевпен әңгіме барысында ол ТМД-дағы қазақтардың имиджі жайында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Көрші елдер әртістерімізді құрметтейді. Әңгіме Imanbek, Скриптонит, мен танымайтын өзге де танымал рэперлер жайында болып отыр. Кейбіреулер таң қалып, «қазақтар не істеп жатыр» дейді. Біз солай көргіміз келгендіктен солай көріне ме, әлде шынымен қазіргі уақытта әлемде қазақтардың уақыты келді ме?» – деп сұрады Нұрлан Қоянбаев танымал әзілкештен.

Нұрлан Сабыров ТМД кеңістігінде қазақтарға қатысты қалыптасқан мұндай пікірдің шындыққа жанасатынын айтады.

«Көпшілігі «қазақ болып туғым» келеді дейді. Әйтеуір бір дүниені сенен жақсы, сенен асыра жасап шығатын қазақ әр уақытта табылады. Әзіл – жұмсақ күш екені түсінікті. Бұл Қазақстанмен таныс емес адамдарға ықпал ететіні анық. Және бұл өте керемет. Меніңше, бұл – бастамасы ғана. Оған сенімдімін. Бұл жайт өнерде де, муызкада да, мәдениетте де, спортта да бола береді. Мұның күшейе беретіндігіне сенімім мол», – деді Нұрлан Сабыров.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: