Жұма, 03 мамыр, 17:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан кезең-кезеңмен цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшіп жатыр

27.08.2022

631 0

Соңғы жылдары технологиялар шапшаң дамып жатыр, мұны, әсіресе ақпарат жеткізудің жаңа әдістерінің енгізілуінен анық байқауға болады. Кино мен хабарларды кішкентай теледидардан көріп жүргеніміз кеше ғана сияқты. Кескіннің аққара түсті болғанын, кейде тіпті дыбысы да жоғалып кететінін елестету қиынақ, бірақ, бақытымызға орай, түрлітүсті теледидардың дәуірі басталып, кескін түрлі түсті, дыбыс әр динамиктен тоқтаусыз шығып тұратын болды, бұл, әрине, болашаққа бастаған маңызды қадам еді.

«Қазтелерадио» акционерлік қоғамы­ның жаңа заманға сай тех­никалық ше­шімдерінің арқасында 2018 жылдан бастап аналогты телевизия өшіріліп, цифрлық эфирлік хабар таратуға кезең-кезеңмен көшу басталды. Бүгін жоғары сапалы кескін және дыбыс беретін сигналдар Маң­ғыстау, Түркістан, Сол­түстік Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Жетісу, Павлодар, Қостанай об­лыс­та­рының, сондай-ақ елорда тұрғындары мен қонақтарына, Алматы және Шым­кент көрер­мендеріне қолжетімді. Рес­публи­каның 92,43% жері ЦЭТВ-мен қамтылған.

Цифлық эфирлік телевизия дегені­міз не өзі? Жәй сөзбен түсін­діретін болсақ, бұл – сигналды жеткізудің жаңа технологиясына көшу. Аналогты сигнал ауылдық жерлерге тек 2-3 арна жеткізе­тін, әрі ауа-райы құбылыстарына төзімсіз болатын, сондықтан жиі-жиі дұрыс көр­сетпейтін.

Цифрлық эфирлік телевизия неғұр­лым сапалы кескінмен ды­быс қабылдау­ға мүмкіндік береді, ең бастысы, трансля­ция­ланатын арналардың санын бірнеше есе арт­тырып, облыс орталықтарында 30-ға дейін, тіпті ең шалғай аудандарда 15-ке жеткізді. Бұдан басқа, қазір абоненттерге түрлі сервистер қолжетімді, оның ішінде телебағдарлама, қарала­тын телехабардың қысқаша сипат­тамасы және т.б. бір сөзбен айтқанда, аналогты хабар тара­тудан цифрлық хабар таратуға көшу көрермендер үшін де, ұлттық оператор ретінде хабар тарататын «Қазтелерадио» АҚ үшін де алға басқан үлкен қадам.

Цифрлық эфирлік телевизия або­ненті болу өте оңай, ол үшін теледидарға цифр­лық сигнал қа­был­дайтын жалғама құрал мен дециметрлік антеннаны жал­ға­саңыз жеткілікті – Сіздің алдыңызға керемет сапамен көр­сетілетін отандық арналардың тізімі шығады. Айтпақшы, за­манауи теледидарлардың көбінің ішіне цифрлық эфирлік сигнал қабылдағыш салынған, ол кез кел­ген бағдараламаны жалғама құ­ралсыз көруге мүмкіндік береді. Ең маңыздысы, цифрлық эфирлік ТВ топтамасындағы арналар су  тегін таратылады.           

Сонымен Цифрлық эфирлік теле­визияға көшу дегеніміз, бұл – респуб­ликалық маңызы бар қалалар мен облыс орта­­лықтарынан алыс тұра­тын бол­саңыз да, сүйікті хабарла­рыңыз­ды тегін әрі керемет сапамен  көру мүмкіндігі.

Қалай қосылуға болатыны және жаб­дық сатып алу туралы толық ақпарат­ты www.tsetv.kz сайты­нан, сондай-ақ ұялы операторларға тегін 8 8000 800 193 нөмірі немесе 193 нөмірі арқылы ала аласыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: