Жұма, 26 сәуiр, 11:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан шекарасына жақын жердегі әскери қоймада жарылыс болды

22.10.2022

558 0

Қазақстан шекарасына жақын маңда орналасқан әскери қоймада жарылыс болды, – деп хабарлайды СН.КЗ Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Өзбекстанның Сырдария облысында болған жарылыс түсірілген видео пайда болды.

Өзбекстан Қорғаныс министрлігі оқиға 22 қазанда таңғы сағат 4.55-те Мәлік елді мекеніндегі (Қазақстан шекарасынан ондаған шақырым жерде – еск.) Қорғаныс министрлігі қоймасында болғанын хабарлады. Министрлік бұл қоймада не сақталғанын, сондай-ақ жарылысқа не себеп болғанын әзірге нақтылаған жоқ.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Алайда әлеуметтік желіде тарап жатқан видеода қатты дыбыс естіледі, кейін дүмпу толқыны пайда болып, салдарынан қоймаға жақын маңда орналасқан үйлердің терезелері сынып, кейбір пластикалық құрылымдар қираған. Іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: