Ақмола облысындағы спирт зауытының жұмысын жеті айға тоқтату жоспарланып отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.
Басшылық зауыттың жабылуын облыстың алкогольді аз тұтынатынынан деп түсіндірді.
Айдабұл спирт зауыты жұмыс істеп тұрғанына 113 жыл болды. Осынша уақыт өткеннен кейін зауытта жұмыс істейтін 200-ге тарта адам жұмыссыз қалмақ. Әзірге кәсіпорын жеті айға жабылады деп күтілуде. Жұмысшыларға зауыт тоқтап тұрған уақыт үшін жалақыларының 50%-ы төленеді деп айтылған. алайда, жеті айдан кейін жағдай қандай болатыны әлі белгісіз.
«Біздің зауытта 210 жұмысшы бар. Қызметкерлердің барлығы дерлік банк алдындағы несиелік міндеттемелері және ауыл дүкендерінде қарыздары бар. Көптеген қызметкерлердің балалары білім ұйымдарында оқиды. Егер жұмыс тоқтайтын болса, олар балаларын оқыту мүмкіндігінен айырылады. Өйткені барлығы жалақысыз қалмақ», – дейді Айдабұл спит зауытының бас технологы Юлия Деньченко.
Олардың сөзінше, кәсіпорыннан шыққан астық қалдықтары облыстың бірнеше ауылында жануарларға қорек ретінде пайдаланылуды. Оған қоса, ауылдың мектептері мен ауруханаға жылу зауыттан тартылған көрінеді.
«Біз қазір табыссыз қалдық. Бұл мәселенің әлеуметтік жағын да ескерсеңіздер екен. Біз мектепті, дәрігерлік амбулаторияны, балабақшаны, монша, пошта, дәріхананы зауыттың жылу беру жүйесі арқылы жылумен қамтамасыз етіп отырмыз. Біз бұдан әрі қалай өмір сүруге болатындығын білмейміз. Жалақымыздың 50%-ын алатын болсақ, ол 42 500 теңгеге де жетпейді», – дейді спирт зауытының технологы Оксана Тиманова.
Басшылық зауыттың тоқтауын нарық заңымен түсіндіреді. Қазір алкоголь аз сатылады. Соңғы жылдары біздің өнімдерді емес, Ресей мен Қырғызстаннан көбірек импортталған өнімдер барлығы үшін тиімді болып отыр дейді компания басшысы.
«Біз 1997-ші жылы мазутқа ауысқан кезде оның құны 3-4 мың тонна/мазут болатын. Біз оны 92 бензин бағасымен сатып аламыз. Өнімнің өзіндік құнына түсетін негізгі шығындар – отын мен астық шикізаты. Екі жылда 55 мыңнан 100 мыңға дейін қажетті астықтар алдық. Мұның бәрі бағаға әсер етеді», – дейді айдабұл спирт зауытының директоры Ольферт Питер.
Осы уақытқа дейін зауыт өнімдері кең қолданыста болса, импортталған тауарлар нарыққа шыққанан кейін тауардың бағасы қымбаттаған көрінеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!