Сәрсенбі, 24 сәуiр, 14:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда әскерилерге құрт, қымыз бен шұбат берілетін болды

26.08.2021

1446 0

Қазақстанда әскерилерге құрт, қымыз, шұбат пен түйе еті беріледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру жұмылдыру жұмыстары департаментінің бағыт аға офицері Руслан Тапашев айтып берді. 

«Әскери қызметкерлердің тамақтануын ары қарай жақсарту бағытында Қазақ тамақтану академиясымен бірлесе ұлттық дастарханның ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлік нормаларын жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы орайда әскерилердің тамақтануы рационына қосымша жылқы, қой, түйе, үйрек, қаз етін және түрлі балық еттерімен толықтыру жоспарланып отыр. Мұнымен қоса, құрт, қымыз, шұбат сияқты дәстүрлі тағамдар мен сусындарды енгізу қарастырылған. Осы арқылы тамақтану құрамын жақсартамыз», – деді Руслан Тапашев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан Президентінің 2021 жылғы ақпандағы Жарлығына сәйкес, биылғы 1 қыркүйектен бастап күзгі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру іс-шаралары басталады. Жыл соңына дейін әскер қатарын 17 мыңға жуық жас жігіт толықтырады. Әскерге шақырылатындар ПТР зерттеуден екі рет өтеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: