Жексенбі, 28 сәуiр, 00:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда ата-әженің немересімен араласу құқығы заңдастырылмақ

07.02.2023

785 0

Сурет ашық дереккөзден

Қазақстанда ата-аналары ажырасқан немерелердің ата-әжелерімен араласу құқығы заңдастырылады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» құжатында жазылған. Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды.

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» заңына бірнеше өзгерту мен толықтыру енгізілді. 

Соның бірі – ата-анасы ажырасқан баланың ата-әжесімен араласау құқығы.

Құжат бойынша, 73-1-бапқа сәйкес, бала атасы, әжесі, бауырлары және басқа туыстарымен қарым-қатынас жасауға құқылы. 

«1. Аталар, әжелер, бауырлар, әпкелер және басқа туыстар баламен араласуға құқылы.

  1. Ата-аналар (олардың біреуі) баланың жақын туыстарына онымен қарым-қатынас жасау мүмкіндігін беруден бас тартса, дауды Қазақстан Республикасының Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайтын тәртіппен қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган шешеді», – делінген құжатта.

Ал қорғау не қамқорлық етуді жүзеге асыратын органның шешімімен келіспеген жағдайда, дауды медиация тәртібімен немесе қорғау не қамқорлық етуді жүзеге асыратын осы органның қатысуымен сот шешеді. 

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/78061/?utm_source=smi24

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: