Сенбі, 27 қараша, 13:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 (1795)
23.11.2021
PDF мұрағаты

Қазақстанда ауыл халқының тұрмысын жақсартуға қанша қаржы бөлінеді

19.10.2021

549 0

Алдағы төрт жыл ішінде ауылдарды жаңғыртуға 1,3 триллион теңге бөлінеді. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның сөзінше, «Ауыл – ел бесігі» жобасының басты мақсаты – елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту арқылы ауыл халқының тұрмысын жақсарту. Осы бағдарлама бойынша 3 561 ауыл іріктелген, онда 6,9 миллион адам тұрады, бұл ауыл халқының 89%-і.

«Алдағы төрт жылға «Ауыл – ел бесігі» жобасын қаржыландыру көлемі 800 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылды. Жалпы ұлттық жобаларды ескерсек, ауылдарды жаңғыртуға 1,3 триллион теңге жұқмсау жоспарланып отыр», – деді Мамин үкімет отырысында.

Айтуынша, 2025 жылы ауылдар сумен 100 пайыз қамтамасыз етіледі. Кент ішіндегі 10 мың шақырым жол жақсартылады, 12 мың шақырым инженерлік желі, 1,1 мың денсаулық, 1,7 мың спорт, 1,5 мың мәдениет нысаны салынып, жөнделеді. Бес мың ауыл мектебі жаңғыртылады.

Сондай-ақ еңбек өнімділігі 2,5 есе өсіп, 500 мың жұмыс орны ашылады және 1 миллион ауыл тұрғыны өз табысын арттырады.

«Ауыл – ел бесігі» жобасының іс-шаралары – ауыл тұрғындарының өмір сапасы мен әл-ауқатын айтарлықтай жақсартады, ауылдық аумақтардың дамуына жаңа серпін береді», – деді премьер.

Осыған байланысты Мамин мемлекеттік органдарға тиісті тапсырма берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: