Бейсенбі, 02 мамыр, 02:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда нан бағасы 19%-ға өсті

10.10.2022

583 0

Талдаушылардың есептеуі бойынша Қазақстанда нан бағасы жыл ішінде 19%-ға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Energyprom зерттеуінде атап өтілгендей бір жыл ішінде нанның құны 19,4%-ға өсті.

«Қара бидай нанының бағасы 24,7%-ға, жоғары сұрыпты ұннан жасалған бидай наны 28,2%-ға, бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны 14,4%-ға, кесілген нан бағасы 28,1%-ға өсті», делінген басылымда.

Сарапшылардың пікірінше, нан елдің барлық аймақтарында қымбаттады. Соның ішінде Ұлытау облысында нан бағасы бірден 48,3%-ға, Ақмола облысында 27,6%-ға, Алматыда 25,8%-ға өсті.

Energyprom зерттеушілерінің айтуынша, қала тұрғындары ауыл тұрғындарына қарағанда бидай нанын аз тұтынады: 7,2 кг және 7,8 кг.

«Осы жылдың қаңтар-тамыз айларында жаңа піскен нан өндірісі 342,4 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3%-ға аз. Сектордағы шығарылымның төрттен бір бөлігі Түркістан облысына тиесілі болды. Топ-3 өңірде Алматы мен Ақтөбе облысы да болды», делінген баяндамада.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: