Бейсенбі, 11 тамыз, 06:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№63 (1868)
09.08.2022
PDF мұрағаты

Қазақстанда неке тіркеу мерзімі 15 күнге қысқарды

05.08.2022

323 0

ҚР Әділет министрінің 2022 жылғы 28 маусымдағы бұйрығымен азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп министрліктің баспасөз қызметі .

Атап айтқанда, өтініш бергеннен кейін тіркеу күнін белгілеу мерзімі бір айдан 15 күнге дейін қысқартылды.

Некеге тұруға тілек білдірген адамдардың қатысуымен 15 күнтізбелік күні неке қию туралы бірлескен өтініш берілгеннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. Егер мерзімнің аяқталуы жұмыс емес күнге сәйкес келсе, онда мерзімнің аяқталу күні келесі жұмыс күні болады, – делінген құжатта.
Бұл ретте некеге тұратын адамдардың бірлескен өтініші бойынша, егер тиісті органмен расталған дәлелді себептер (жүктілік, босану, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнуі және өзге де ерекше мән-жайлар) болса, құжаттар (дәрігерлiк бiлiктiлiк комиссиясының жүктiлiгi туралы анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше мән-жайларды растайтын анықтамалар) тiркеушi органның басшысы неке қиюды мемлекеттiк тiркеу мерзiмiн күнтiзбелiк 15 күн өткенге дейiн қысқартуы немесе ұзартуы мүмкiн. Бірақ кезең 15 күннен аспауы керек.

Бұл ретте, неке қиюды мемлекеттік тіркеуге кедергі келтіретін мән-жайлар болған жағдайда ғана тіркеуші органның бастамасы бойынша кейбір жағдайларда неке қиюды мемлекеттік тіркеу үшін күту мерзімін ұлғайту мүмкін екені көрсетілген.

15 күнтізбелік күнді қысқартуға немесе ұлғайтуға рұқсатты некеге тұру туралы өтініш бойынша тіркеуші органның басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы тұлға қаулы түрінде береді.

Бұйрық 2022 жылғы 15 тамыздан бастап күшіне енеді

Тағы да оқыңыз: