Бейсенбі, 25 сәуiр, 10:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда қант бағасы арзандады

23.09.2022

696 0

Қазақстанда қант бағасы арзандады. Ұлттық статистика бюросының деректері солай дейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,1%-ға, ай басынан бері 0,4%, жыл басынан 19,4%-ға өскен.

Өткен апта ішінде құмшекердің бағасы 2,8% арзандаған. Сондай-ақ пияздың бағасы 3,1%, картоптың бағасы 1,1% төмендеген.

Күріш бір аптаның ішінде 1,5% қымбаттаған. Сонымен қоса бірінші санаттағы жұмыртқаның бағасы да 1,5%-ға, күнбағыс майы 1,4%-ға өскен.

«Жылдық көрсеткіште әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 19,6%-ға қымбаттады», – делінген статистика бюросы ұсынған ақпаратта.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: