Сейсенбі, 07 мамыр, 15:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда «суперХҚКО» жасақталатын болды

27.01.2023

342 0

Сурет: mail.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мемлекеттік құжаттарды бір жерден алуға мүмкіндік беретін орталықтар ашылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Министрдің айтуынша, олар Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын зерттеп, адамдар түрлі құжат алу үшін түрлі мекеменің табалдырығын тоздыратынын байқаған. Ел азаматтары коммуналдық ұйымдар, зейнетақы қоры және басқа да ұйымдардың арасында сабылып жүреді.

Біз Астана әкімдігімен және Президент әкімшілігінің басшылығымен «суперХҚКО» кеңістігін ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Яғни азаматтарға ыңғайлы болу үшін мемлекеттің барлық фронт-офистері бір ғимаратқа жиналады, – деді министр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: