Жұма, 26 сәуiр, 18:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда жұмысынан айырылғандарға берілетін әлеуметтік төлемнің мөлшері өседі

06.09.2022

525 0

Қазақстанда жұмысынан айырылғаны үшін төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері табыстың 45%-іне дейін артады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

Үкімет отырысында президенттің 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы таныстырылды. Құжатта «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестициялар» бағыты бойынша 37 іс-шара көзделген.

«Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін жұмысынан айрылған кездегі әлеуметтік төлемдердің мөлшері орташа айлық табыстың 45 процентіне дейін ұлғайтылады», – деді Қуантыров.

Сондай-ақ 61 жасты белгілей отырып, әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін арттыруға мораторий енгізу көздейтін заңнамалық түзетулер қабылданады. Бұдан бөлек, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтіміне байланысты төлемдердің мерзімі бір жарым жасқа дейін ұлғайтылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: