Жұма, 03 мамыр, 17:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандағы шетелде тіркелген көліктердің қашан заңдастырылатыны белгілі болды

20.10.2022

591 0

Мәжіліс депутаты Сергей Симонов Салық кодексіне енгізілетін өзгертулер жайлы есебін жариялады. Аталған құжатта Қазақстанда жүрген шетелдік тіркеудегі көліктердің заңдастырылуы туралы норма да бар, деп хабарлайды Экспресс К.

Ендігі уақытта алым мөлшері 200 мың теңге болмақ.

«2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанға биылғы 1 қыркүйегіне дейін жеткізілген шетелдік тіркеудегі көліктерді есепке тұрғызу үшін 200 мың теңге көлемінде төмендетілген алым сомасы белгіленді. Аталған түзету Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған шетелдерден алып келген көліктерді заңдастыру мақсатында утилизация және алғашқы тіркеу үшін төленетін қаржы көлемін 200-250 мың теңгеден асырмай, бәріне бірдей және бір реттік алым алу тапсырмасын орындау мақсатында енгізілді. Мұндай өзгерістер азаматтардың өз көліктерін еш қиындықсыз заңдастыруына мүмкіндік береді», — делінген құжатта.

Заңдастырылуға жататын көліктерге қойылар техникалық талаптар мен алымның қолданылатын мерзімін үкімет анықтайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: