Бейсенбі, 25 сәуiр, 09:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандық банк Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек береді

09.09.2021

1031 0

Jusan Bank 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймада болған жарылыстан зардап шеккендердің отбасыларына көмек береді, – деп хабарлайды Стан.кз

Jusan Bank тарапынан бөлінген қаржылай көмек жақын күндері Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы жарылыстан жапа шеккендер мен олардың отбасыларына қаражат жинау үшін құрылған «Сенім-Байзақ» қоғамдық қорына аударылмақ. 

«Орын алған оқиға ешкімді бей-жай қалдырмағаны анық. Әскерилер мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері көз жұмды, кейбірі жарақат алды. Жергілікті тұрғындар зардап шегіп, үйлер мен мекемелердің ғимараттары бүлінді, мектептер қирады. Отандастырымыз қиын жағдайға тап болды. Сондықтан біз Jusan Bank-тің атынан қол ұшын созуға дайынбыз”, – деді Jusan Bank басқармасының төрағасы Айбек Қайып. 

Қазіргі уақытта аудан әкімдігі келтірілген залалды есептеуді аяқтауға шақ қалды. Зардап шеккен жанұяларға арнайы ашылған «Сенім-Байзақ» қоғамдық қайырымдылық қорынан қаржылай көмегі беріледі. 

«Біз Jusan Bank-тің Жамбылдағы филиалының барлық қызметкерлеріне ризашылығымызды білдіреміз. Олар қайғылы оқиға болған күннен бастап шет қалмады, зардап шеккен аудан тұрғындарына азық-түлік, гигиеналық заттар және басқа да қажетті тауаралар түріндегі гуманитарлық көмек берді”, – дейді Жамбыл облысы  Байзақ ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов. 

 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: