Бейсенбі, 25 сәуiр, 16:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандық жүзгіш Түркияда рекорд орнатып, алтын жеңіп алды

14.08.2022

1345 0

Қазақстандық спортшы Аделаида Пчелинцева Түркияда өтіп жатқан Ислам ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

50 метрге брасс әдісімен жүзу бойынша Павлодар облысының 23 жастағы тумасы жеңіске жетті. Финалда қазақстандық 31,71 секунд уақытта мәреге жетіп, жаңа турнир рекордын орнатты.

Аделаида Пчелинцева – 50 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзу бойынша бұған дейін де рекорд орнатқан. 2018 жылы ол бұл қашықтықты 31,55 секундта бағындырды. 

Бесінші Ислам ынтымақтастығы ойындары 2022 жылы 9-19 тамыз аралығында Түркияның Конья қаласында өтуде. 24 спорт түрінен бойынша жарысқа 56 елден төрт мыңнан астам спортшы қатысуда. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: