Жұма, 03 мамыр, 09:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақтың өз автокөлігі болуы тиіс

31.01.2023

678 0

Сурет ашық дереккөзден

Ұлы дала төсінде еркін ойқастаған бабаларымыз жылқыны қолға үйретіп, арбаны да ойлап тауып еді. Баспанам деп киіз үйді, қорғанам деп қаруды, түрлі әшекей бұйымды, тіпті киімді ешкімге жалынбай өздері өндірді емес пе. Біздің бабалар ойлап тапқан арбаны көлік біткеннің түп атасы десек, қателесе қоймаспыз. Басқалар сол арбадан жүз есе, тіпті мың есе мықты автомашинаны жасап жатқанда, соның қайнар бастауында тұрған біздің қолымыздан неге дым келмей жатыр? Таяуда мемлекет басшысы қасым-жомарт тоқаев қостанайға сапарында allur автомобиль зауытының жұмысымен танысты. Зауыт басшылығының айтуынша, былтыр 614,2 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Тіпті өткен жылы бұл зауыттан құны 21,5 миллиард теңге болатын өнім экспортталған көрінеді.

2020 жылдың 19 ақпанында рrimeminister.kz сайтына жарияланған ақпаратқа сүйенсек, 2019 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің машина жасау саласындағы автомобиль өнеркәсібінің үлесі 26%-ды құраған. Нақтырақ айтсақ, 50 мыңнан астам техника өндіріліп, 2,7 мыңға жуық автомобиль экспортталды.

Президенттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, қостанайдағы көлік зауытында 2 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Аз емес. Кәдімгі іргелі ауылдың халқымен тең. Қызылорда да осындай көлік зауыты болса қатып кетер еді. Тағы бір атап өтерлігі, allur автомобиль зауытының жаңадан іске қосылған желісі kia sportage моде­ліне арналған. Ckd – шанақтарды дәнекерлеу, бояу және құрастыру жөнін­дегі технологиялық жұмыс­тарды жүзеге асыратын шағын торапты автомобиль өндірісі. Ол үшін арнайы цехтар ашылған. Kia өндірісінің осы технологиялары орталық азия мен тмд бойынша қазақстанда ғана орналасқан.

Шынтуайтына келгенде, елімізде құрастыры­латын басқа да көліктер аз емес. Олардың қатарына granta, kalina, largus, vesta, xray, нива, камаз,  ваз, lada, hyundai, chevrolet сынды маркалы автокөліктерді жатқызуға болады. Ал автокөлік құрастырушылардың қатарында «азия-авто», allur, «астана моторс», «сарыарқаавтопром» сын­ды басқа да кәсіпорындар бар. Бірақ біздікілер ар­найылап, бастан-аяқ өздері жасап жатқан жоқ, тек  дайын дүниені құрастырумен ғана шектеліп отыр. Әрине, жоқтан жақсы. Дегенмен елімізге қазақстандық брендті автокөлік керек.әрі ол қазақы атаумен аталуы тиіс. Қашанғы жұрттың көлігін құрастырып, «дайын асқа тік қасық» бола береміз?.. Орыс пен қытай сынды алпауыт көршілерді айт­пағанның өзінде өзіміз тағылеттес өзбектің де өз автокөлігі бар. Жоғарыдағы ағалар осыған қашан назар аударар екен?…

Әзиз жұмаділдәұлы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: