Сенбі, 04 мамыр, 17:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Гей клубта болғаны үшін қызметтен қуылған қос мұғалім істің мән-жайын айтты

14.02.2024

478 0

Фото: aviasales.kz

Танымал журналист, «Астарлы ақиқат» бағдарламасының бұрынғы жүргізушісі Дина Төлепберген Түркияда гей клубта болғаны үшін қызметтен қуылған қос мұғаліммен кездесті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тележүргізуші бұл туралы желідегі парақшасында жазды.

«Түркияда гей клубта болғаны үшін қызметтен қуылған қос мұғалім.
Біреуі бойдақ, біреуі екі баланың анасы. Біреуі үш жыл, біреуі жеті жыл бойы ағылшын пәнін оқытқан.

Айтуларынша, шу шыққан соң, мәжбүрлі түрде арыз жаздырып, жұмыстан шектеткен.

Қармақшы ауданының N250 мектептің басшылығы, Қызылорда облыстық білім басқармасы әділдікпен бірге болуы тиіс.

Олар түнгі клубқа демалыс уақытында барып 40 минут қана көңіл көтердік, біржынысталардың орны екенінен бейхабар болдық дейді.
Ал көрермен, жеке уақыттағы жеке өмірі үшін жұмыстан шығарған директордың ісі орынды ма?», – деп жазған журналист.

Мұғалімдердің сөзінше, істің қалай болғанын көпшілік білмейді.

«Шын мәнінде, істің қалай болғанын ешкім де білмейді. Ол видеода біз жалаңаш емеспіз, біз билеп тұрған жоқпыз, жұрт неге осыны түсінбейді? Неге бірден басқаша ойлайды? Біз жай ғана тұрдық», – деп көзіне жас алды қос мұғалімінің бірі. 

Ал Дина Төлепберген мектеп директорының бұл ісін дұрыс емес деп санайтынын жеткізді. 

«Сіздердің көз жастарыңызды көріп, өзім ағыл-тегіл болдым. Бұл ұстаздардың ғана емес, әйелдердің, қыздардың құқығының тапталуы ғой негізінде. Мектеп директоры, керісінше, видеоны көрсе де, «ол менің ұжымымда жұмыс істейтін қыздар, ұстаздар, тәжірибесі бар. Ата-аналар ол қыздар туралы мына нәрсені айтып жатыр, қоғам сөкпеңіздер» деп айтатын орны бар ғой негізінде, қорғау керек», – дейді тележүргізуші видеода.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: