Бейсенбі, 25 сәуiр, 14:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

15.10.2021

844 0

Қызылорда облысы бойынша Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің  кезекті отырысы өтті.  Жиынға облыстық  білім басқармасы, экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы,  кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысылары, мемлекеттік кірістер департаменті, полиция департаменті өкілдері, «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры, қалалық және аудандық кеңестің мүшелері, ЖОО және  ТжКБ ұйымдарының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасарлары  қатысты.

 «Nur Otan» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес консультативтік-кеңесші орган болып табылады және партияның  2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасын, 2025 жылға дейінгі жастарды қолдауға бағытталған «Жастар – Отанға!» бағдарламасын тиімді іске асыру мақсатында құрылды.

Кеңес отырысының күн тәртібінде 3мәселе қаралды.

  1. ЖОО және ТжКБ оқу орындарының жатақханаларына  жүргізілген мониторинг қорытындысы;
  2. Жастар арасында синтетикалық есірткіге (мефедрон) тәуелділіктің алдын алу шаралары;
  3. Табак (темекі) өнімдерінің ашық сатылымының алдын алу шараларын күшейту.

Күн тәртібіндегі бірінші  мәселе бойынша «Jas Otan» ЖҚ облыстық филиалы төрағасы М.Жорабек ағымдағы жылы ЖОО және ТжКБ ұйымдары жатақханаларына жүргізілген мониторинг қорытындысына тоқталып, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжі жатақханасының жағдайын ортаға салды.

Өңірімізде 2 жоғарғы оқу орны, 29 колледж және оған қарасты 18 жатақхана бар. Биыл қаламызда 3 жаңа жатақхана қолданысқа берілген. Қыркүйек айында жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша жатақханалардың жағдайы жақсы деңгейде.  Жатақханалардың біршамасы «Жұмыспен қамту – 2020» жол картасы аясында күрделі жөндеуден өткен. Кейбір жатаханаларда санитарлық нормаларға, тұрмыстық жағдайларға сәйкес келмеу фактілері де анықталды. Анықталған фактілер нәтижесінде оқу орындарының басшылығына ескертулерді жою бойынша ұсыныстар берілген болатын,- деді М.Жорабек.

Күн тәртібіндегі екінші мәселебойынша Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бөлім басшысы А.Оңғарбаев баяндама жасады.

Жастар арасында табак (темекі) өнімдерінің ашық сатылымын тоқтату шаралары бойынша облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы жәнесинтетикалық есірткіге (мефедрон) тәуелділіктің алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін ЖОО және ТжКБ ұйымдарының басшыларын бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Кеңестің қорытындысы бойыншакүн тәртібінде қаралған мәселелерге жан-жақты зерделеу жұмыстары жүргізіліп, жауапты мекемелерге ұсыныстар бойынша тиісті шараларжүргізу тапсырылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: