Жұма, 29 наурыз, 11:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қоғамдық көлік қызметіне талап күшейеді

08.12.2022

401 0

         Бүгінде қала тұрғындарының базынасына айналған қоғамдық көлік жыры бітер емес. Оған тұрғындардың айтар шағымы да талаптары да бар. Мәселені шешу мақсатында қала әкімінің тапсырмасымен қоғамдық көлік тасымалдау қызметіне бақылау жұмыстары басталды.

         Тиісті сала басшылары мен сала мамандарының тексерісі барысында жеке тасымалдаушыларға қарасты бірнеше қоғамдық көлікке тұрғындары сын айтты. Оның ішінде №10, 12, 15, 16, 31 бағыттағы қоғамдық көліктер бар. Тұрғындар аталған бағыттағы көліктердің уақытылы жүрмейтіндігін, соның салдарынан азанғы, кешкі уақытта іші адамға толып, тіпті кебірі міне алмай қалатындығын жеткізді. Сондай-ақ, қоғамдық көлік қызметінің кешкілік мезгілде уақытынан бұрын тоқтайтынын да тілге тиек етті.

Осы орайда, қоғамдық көліктерге бақылау шаралары күнделікті жалғасын табатын болады. Бұл өз кезегінде мәселенің түйінін тарқатуға септігін тигізбек.

Жалпы облыс орталығында қоғамдық көлікке деген сұранысты қанағаттандыру және көлік қатынасын дамыту мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, тексеру шарасы барысында жолаушылардан «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС -іне қарасты №1, 11, 14, 17, 18, 19, 20 бағыттағы автобустарға қатысты шағымдар түспеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: