Сәрсенбі, 24 сәуiр, 00:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қоғамдық тамақтану орындарына 1 млн-нан астам айыппұл салынды

27.07.2022

1317 0

Ас-ауқат – бұл тек тіршілік ету үшін қорек көзі немесе пайда табудағы кәсіп көзі ғана емес, бұл кей жағдайда  адам денсаулығына зақым келтіруі мүмкін қауіп болуы мүмкін. Аурутасымалдағыш микроағзалар азық-түлік арқылы тез таралады. Сондықтан  мейрамхана, кафе, асханалардың кез келген қызметкері келушілерге зиян тигізбес үшін санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды жақсы меңгеріп, орындауы тиіс.

Тағамнан уланудың топтық жағдайлары негізінен тамақ дайындау технологиялық процесінің бұзылуымен және тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы міндетті талаптардың сақталмауымен байланысты болады.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қадағалауында 1872 тағам объектісі бар. Оның 368-і эпидемиялық маңыздылығы жоғары, яғни олар 50 орыннан асатын келушілерге арналған 220 қоғамдық тамақтану нысаны,кремді кондитерлік бұйымдарды өндіру объектілері-8, сүт өңдеу-4, ет өңдеу-9, балық өңдеу-7, нан және нан-тоқаш өнімдерін пісіру-46, дақыл өңдеу-10, алкоголь өнімдерін, алкогольсіз өнімдерді, сыйымдылықтарға өлшеп-құйылған ауыз суды (оның ішінде минералды) өндіру-11, май өнімдерін өндіру-1 жәнеөзге нысандар-12.

Жалпы ағымдағы жылдың 6 айында ерекше тәртіппен 30 нысан  тексерумен қамтылды. Оның ішінде 25 қоғамдық тамақтану орны, 1 наубайхана және 4 сауда орны бар.

Қоғамдық тамақтану объектілерінен микробиологиялық көрсеткіштерге 129 сынама алынып, 11 сәйкессіздік анықталса, асүй мүкәммалдарынан алынған 1009 шайындының 19-ы санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмеді. Ал тағамдардан санитариялық- химиялық зерттеуге алынған 60 сынаманың 22-сі дайын тағам өнімдерініңқұнарлығы бойынша талаптарға сәйкес болмай шықты.

Ұйымдастырылған ұжымдардағы, яғни денсаулық сақтау ұйымдарындағы, вахталық кенттердегі, құрылыс алаңдарындағы, өнеркәсіптік объектілердің асханаларына ерекше тәртіп бойынша жүргізілген тексеру барысында ішек таяқшалары тобы бактерияларын анықтау үшін барлығы 170 шайынды алынып, 10 сәйкессіздік анықталды, ал санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша алынған 23 тамақ өнімінің 5 сынамасыбелгіленген нормаларға сай болмай шықты.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы №ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бұзушылықтар бойынша жауапты тұлғаларға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-тармағына сәйкесәкімшілік құқық бұзушылық туралы 25хаттама толтырылып,  қысқартылған өндіріс тәртібінде 1 млн 470 240 тенге көлемінде айыппұл салынды. 

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: