Дүйсенбі, 04 наурыз, 17:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18 (2028)
02.03.2024
PDF мұрағаты

Қонақ үй мен пәтер иелері шетелдіктердің келгені туралы хабарлауға міндетті – Ішкі істер министрлігі

27.09.2022

655 0

шкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі Қазақстан тарапынан қабылдаушы тұлғалар шетелдіктердің келгені туралы хабарлауға міндетті екенін еске салды, деп хабарлайды Polisia.kz басылымы.

Министрлік өкілдері “Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуі мен онда болуы қағидаларының” 9-тармағына сәйкес шетелдік азаматтарды қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар өздеріне келетін көшіп келушілер туралы Ішкі істер органдарын хабардар етуге міндетті екенін мәлімдеді. 

«Аталған хабарлама шетелдік азамат келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде міндетті түрде беріледі. Осы мерзімді өткізіп алған және көшіп келушінің келуі туралы Ішкі істер органдарына хабарламаған жағдайда, Қазақстанда қабылдаушы жеке және заңды тұлға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 518-бабы бойынша жауаптылыққа тартылатынын ескертеміз», – делінген хабарламада. 

Егер шетелдіктердің келгені туралы хабарламаған жағдайда заңды тұлғаларға 10-нан 25 айлық есептік көрсеткішке дейін, ал жеке тұлғалар үшін 30 АЕК немесе 91 890 теңге мөлшерінде айыппұл көзделген. 

Шетелдіктің келуі туралы құзырлы органдарға үш әдіспен хабарлауға болады. 

«Бірінші. Жеке және заңды тұлғалар көшіп келушінің келгені туралы электрондық визалық және көші-қон порталы арқылы тікелей хабарлай алады: vmp.gov.kz немесе egov.kz. Ол үшін қазақстандық тарапқа көшіп келушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы және паспорттық деректері жеткілікті. 

Екінші әдіс. Қазақстан тарапынан қабылдаушы жеке және заңды тұлғалар шетелдіктің келгені туралы хабарламаны тікелей өз ауданы бойынша ішкі істер органдарының көші-қон қызметінің бөлімдері мен бөлімшелеріне бере алады. 

Үшінші оңай әдіс – Apр Store немесе Play Market-тен e-Qonaq қосымшасын жүктеу. Хабарлама екі қадаммен беріледі. Тіпті, смартфонның камерасының көмегімен төлқұжатын сканерлеу арқылы шетелдіктің төлқұжат деректерін жүктеу мүмкіндігі бар. Хабарламаны авторизациялау және толтыру интуитивті. Бір минут уақыт алады», – деп қосты ІІМ өкілдері. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: