Жұма, 19 сәуiр, 16:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қостанай облысындағы өрт кезінде 8 адам жоғалып кетті – полиция

09.09.2022

703 0

Әулиекөл ауданындағы өрт кезінде жалпы 8 адам жоғалып, бүгінде оның жетеуі табылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Қостанай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Дүйсембай Байбосынов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әулиекөл ауданындағы өрт кезінде жалпы 8 адам жоғалды. Оның жетеуі табылды. Ал 1 адам әлі іздестіріліп жатыр. Ол 56 жастағы Аманқарағай ауылының тұрғыны. Іздестіру нәтижелері бойынша қосымша хабарлайтын боламыз.

Жалпы бүгінгі кезеңге Ішкі істер органдарының тиісті бөлімшелері мен облыстық прокуратура бірлесіп, ведмоствоаралық комиссия құрды. Олар өрттің шығу себебін анықтаумен айналысып жатыр. 3 қылмыстық іс қозғалды. Өртке себеп болуы мүмкін әртүрлі нұсқаларды қарастырып жатырмыз», – деді Дүйсембай Байбосынов.

Оның айтуы бойынша, өрт кезінде көз жұмған 88 жастағы тұрғынның өліміне қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, Қостанай облысына қарасты Әулиекөл ауданындағы өрт салдарынан 2091 адам эвакуацияланып, 12 тұрғын түрлі жарақат алған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: