Сенбі, 22 маусым, 05:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48-2058
18.06.2024
PDF мұрағаты

Құрбан шалу – сауабы мол құлшылық

09.07.2022

754 0

Барша мұсылман жұртшылығының ұлық мейрамы – Құрбан айт басталды. Бұл күні барлық реніштер кешіріліп, ақ дастархан молынан жайылады. Құрбан айт күндері мұсылманның атқаратын ең жақсы ісі – құрбан шалу. Мүмкіндігі бар әрбір адам осы міндетті ғибадатты орындап, шалынған малдың етін мұқтаж жандарға үлестіреді. Облыста мереке қарсаңында дайындық толықтай жүргізілді. Облыстағы аз қамтылған және мұқтаж отбасыларға тегін құрбан етін үлестіру мақсатында арнайы тізім жасақталды.

– Барша мұсылмандар үшін қасиетті саналатын құрбан айт мерекесімен бар­ша­ңызды шын жүректен құттықтаймын! Құрбан айт мерекесі қарсаңында жергілікті атқарушы органдар тарапынан дайындықтар басталды. Биыл құрбан шалу рәсімі оф­флайн және онлайн форматта өтеді. Онлайн форматта жүргізу үшін ҚМДБ-ның qurban2022.kz сайты іске қосылды. Осы арқылы құрбандық шалу малына тапсырыс беру және мұқтаж жандар құрбандық етін алу үшін осы сайт­қа өтініш бере алады. Айт күндері мал баға­сын шарықтатпауға және азық-түлік бағасын көтермеуге тиісті мем­лекеттік ор­гандарға тапсырмалар берілді, – деді өңір­лік коммуникациялар қызметінде өт­кен бри­фингте облыстық қоғамдық даму бас­қар­масының басшысы Мира Қазбекова.

Құрбан айт мерекесінде қоғамдық тәр­тіпті сақтау мақсатында мешіттер мен бел­гіленген құрбан шалу орындарында құ­қық қорғау қызметкерлері рейд жүргізеді. Жалпы бекітілмеген орындарда оның ішінде мешіттердің аумағында мал шалуға тыйым салынады.

– Құрбан айт күндері мұсылмандар үшін ең жақсы амал құрбан шалу болып табылады. Облыс бойынша барлық мешіттерде таңғы 6-да айт намазы оқылады. Одан кейін құрбан шалу рәсімі басталады. Мұқтаж жандарға теңдей мал етін үлестіру үшін «Бақытты отбасы» орталығы арқылы тізім жасақталды. Қала бойынша 2000-нан астам отбасының тізімі дайындалды, – деді ҚМДБ-ның облыс бойынша өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» ме­шітінің бас имамы Болатбек Әбуов.

Айт мерекесінде тазалық сақталғаны да дұрыс. Сондықтан да биыл санитарлық талапты сақтау мақсатында құрбандыққа шалатын малды союға арналған арнайы орындар әзірленген. Қаламыздағы  Бел­көл кентінде мал союға арналған 2 қа­сапхана қызмет көрсететін болады. Сондықтан да осы талапты сақтаған жөн. Құрбандыққа шалынған малдың етін уақытында тарату мақсатында тиісті еріктілер тобы жасақталған. Сондай-ақ егер де ерікті ретінде «құр­бандық еттерін таратуға көмек бе­ремін» деген ізгі ниетті азаматтар бол­са қаламыздағы мешіттерге барып, хабарласуға болады. 

Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: